«Үйде жатпа» күнтізбесі. 17 қаңтар: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 17 Қаңтар, 2023


☑️ 17 қаңтар  – Дүниежүзілік балалар өнертабысы күні аталып өтеді. Бұл күн 12 жасында жүзу қанаттарын ойлап тапқан АҚШ мемлекет қайраткері Бенджамин Франклиннің (1706-1790) туған күні құрметіне орай таңдалды. Калькулятор, батут, қарда жүретін машина, пластилин, Брайль шрифті, үлбір құлаққаптар – мұның барлығы біздің өмірімізге жас өнертапқыштардың тамаша ақыл-ойымен енгізілген. Балаларыңыздың қабілетіне мұқият мән беріп қараңыз. Бәлкім, ол дәл қазір жаңа өнертабыс түрлерін ойластырып жатқан болар. Ең бастысы, балалар шығармашылығына кедергі келтірмеңіз. Мүмкіндік болса, қолдау көрсетіңіз. 

Ал сіз бала кезіңізде қызықты нәрсе ойлап таптыңыз ба? 

☑️ Бүгін – аспалы жол күні аталып өтеді. 1871 жылы 17 қаңтар американдық өнертапқыш Эндрю Смит Холлидей аспалы жолға патент алды. Ал екі жылдан кейін ол өз идеясын жүзеге асырды. Содан бері аспалы жолдар бүкіл әлемге тарады және адамдарды тасымалдау үшін де, өнеркәсіптік тауарлар үшін де қолданылады. Әлемдегі ең ұзын және ең биік аспалы жол Венесуэлада орналасқан. Оның ұзындығы 12,5 км, ал 3124 метр биіктікке көтерілу бір сағатқа созылады. Абсолютті әлемдік рекорд – ұзындығы 76 км болатын Габондағы аспалы жол, бірақ ол кенді тасымалдау үшін қолданылады. 

Ал сіз аспалы жолмен жүргенді ұнатасыз ба?

☑️17 қаңтар – Жаңа жылдық шешімдерді бұзу күні аталып өтеді. Бұл күн тек батыс елдерінде атап өтілгенімен, біз үшін де өзекті. Жаңа жылда өзгеруге кім уәде бермеді? Қазіргі таңда оны орындау үшін қандай әрекеттер жасап жатсыз? Егер олар орындалса – керемет. Ал олай болмаған жағдайда – бұл адамның өз алдындағы кінәсі. Сәйкесінше осы кезде адамда қанағаттанбау, көңілі толмау сезімі пайда болады. Жеңілдікті сезіну үшін және жағдайыңызды қайта қарау үшін өткен уәделерді жойып, өмірге жаңа жоспарлар жасау қажет. Мұны кейінге қалдырмаңыз. Бүгінгі күннен өзгеруді бастаңыз.

Сіздің жоспарларыңыз өзгерді ме?

☑️17 қаңтар өмірге келген танымал спортшылар. 81 жыл бұрын ең танымал боксшылардың бірі – Мұхаммед Әли (1942-2016) дүниеге келді. Ол – Олимпиада чемпионы және ауыр салмақтағы абсолютті әлем чемпионы (1964-1966, 1974-1978). Оны көптеген спорттық басылымдар «ХХ ғасырдың спортшысы» деп таныды. Ойын-сауық индустриясына қосқан үлесі үшін Мұхаммед Әли Голливудтың «Даңқ аллеясында» жұлдызға ие болды. Мұхаммед Әлидің жұлдызы тротуарда емес, Долби театрының қабырғасында орналасқан. Өйткені көпшілік пайғамбардың есімін басып өтуді құптамады.   

Сонымен қатар бүгін украиналық кәсіпқой боксшы – Александр Усик 36 жасқа толды. Ол Олимпиада чемпионы, ауыр және бірінші ауыр салмақтағы кәсіпқойлар арасындағы қазіргі әлем чемпионы. Сондай-ақ Мұхаммед Әли Кубогының иегері.  Қазіргі уақытта Александр «The Ring» журналының нұсқасы бойынша салмақ дәрежесіне қарамастан әлемдегі ең үздік боксшы.

Сіздің ойыңызша, тарихтағы ең танымал боксшы кім?