👤Бүгін — Халықаралық студенттер күні. Бұл мереке жастық жалынымен, романтикамен және көңілді күндермен байланысты болғанымен, оның тарихы қайғылы оқиғалармен астасып жатыр. 1939 жылы фашистер басып алған Прагада студенттер мен оқытушылар Чехословакия мемлекеті құрылған күні нацистерге қарсы шеруге шығады. Ал басқыншылар шеруді күшпен басады. Нәтижесінде көптеген адам қамауға алынып, бір студент оққа ұшады. 17 қарашада ажал құшқан студентті жерлеу рәсімінде тағы да наразылық акциясы болады. Мұнда жастардың көбі тұтқынға алынып, жер аударылып және өлім жазасына кесіледі. Сонымен қатар барлық оқу орындары жабылады. 1946 жылы Дүниежүзілік студенттер конгресінде аталмыш оқиғаны еске алу мақсатында бұл күн студенттер күні болып бекітілді.
Барлық студентті мерекесімен құттықтаймыз!
👶17 қараша ата-аналар мен олардың сәбилерін қолдау мақсатында халықаралық шала туған нәрестелер күні аталып өтеді. ДДҰ мәліметтеріне сәйкес, жыл сайын әлемде 15 миллион нәресте мерзімінен бұрын өмірге келеді. Қазақстанда олардың саны — 22.000. 2008 жылдан бастап еліміз ДДҰ-ның тірі туған нәрестелердің жаңа талаптарына көшті. Енді 500 гр салмақта шала туған шақалақтар 22 аптадан бастап ем қаблыдайды. Арнайы күтім мен емдеудің тиімді әдістерінің арқасында мұндай балалардың өмір сүру деңгейі 80% — ға жетті. Бұрын бұл көрстекіш 20-30% болатын. Шала туған балалардың дені сау, толыққанды болуымен қатар, олардан ұлы тұлғалар да шыққан. Мәселен, Альберт Эйнштейн, Исаак Ньютон, Бонапарт Наполеон және басқа да танымал тұлғаларды атап өтуге болады.
👀Қарашаның үшінші жұмасы халықаралық кемсітуге қарсы күрес күні аталып өтеді. Мектепте, студенттер арасында немесе жұмыс барысында қоғамдық қорлау мен кемсітушілікке ұшыраған құрбандар жиі кездеседі. Әдетте мұндай адамдар басқалардан сыртқы немесе ішкі жан дүниесімен ерекшеленеді. Яғни, мінезі тым жұмсақ әрі мейірімді сипатқа ие болып келеді. Көптеген адам мазақ ету мен қорлық көрсетуді зиянсыз әрекет деп санайды. Бірақ бұл ұзақ мерзімді психологиялық ауыртпалыққа немесе суицидке әкеледі. Сондықтан қорқытуға қарсы тұру — маңызды әлеуметтік мәнге ие.
Сіз осындай бастамаларды қолдайсыз ба?
👥17 қараша өмірге келген танымал адамдар. 83 жыл бұрын көрнекті қазақ ғалымы және археолог Карл Байпақов (1940-2018) дүниеге келді. Оның Отырар, Құрықтөбе, Қостөбе қорымы, Қойлық қалашығындағы будда ғибадатханасы және басқа да нысандарды зерттеуі Қазақстан мен Орталық Азияның ежелгі тарихының негізін кеңейтті. Ғылымға айтарлықтай үлес қосқан қайраткердің 50-ден астам монографиясы, жоғары оқу орындарына арналған Қазақстан археологиясы бойынша 6 оқу құралы, 15 альбомы және 500-ден астам ғылыми мақаласы бар. Сондай – ақ бүгін XXI ғасырдың ең ұлы және ықпалды кинорежиссерлерінің бірі Мартин Скорсезе 81 жасқа толды. Өнер иесі Оскар және басқа да беделді марапаттардың иегері. Ол Роберт Де Ниро мен Леонардо Ди Каприо сынды танымал актерлермен үнемі жұмыс істейді. Режиссердің ең көрнекті картиналары — «Славные парни”, “Банды Нью-Йорка”, “Авиатор”, “Волк с Уолл-стрит”, және “Убийство цветочной луны”.
Сізге Мартин Скорсезенің соңғы фильміне жасаған шолуымыз ұнады ма? https://youtube.com/shorts/1oKfqmXOgpM?si=R1YFwZAES6QUyQ90