«Үйде жатпа» күнтізбесі. 17 қазан: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 17 Қазан, 2023


🥖Бүгін Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен кедейлікті жоюдың халықаралық күні аталып өтеді. 1987 жылы 17 қазанда Парижде жүз мыңнан астам мүдделі адам жиналып, кедейлік шын мәнінде адам құқығын бұзу екенін мәлімдеді. Деректерге сүйенсек, әлемде 1,2 миллиард адам кедейлік шегінде өмір сүреді. Қазақстанда кедейлік шегі ең төменгі күнкөріс деңгейімен есептеледі. Бұл бір адамға айына 49 500 теңгені құрайды. Өткен жылы табысы күнкөріс деңгейінен төмен қазақстандықтардың саны 986 мың адамды құрады.

Өмір сүру үшін айына 49 500 теңге жеткілікті деп ойлайсыз ба?

🌚1992 жылы 17 қазанда Қызылорда облысының Қазалы ауданында Жанқожа батырға кесене орнатылды. Жанқожа Нұрмұхаммедұлы (1780-1860) – Сырдарияның төменгі ағысын мекендеген қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысының батыры. Бұл кезде шашыраңқы қазақ рулары Қоқан мен Хиуа хандықтарынан шыққан жаулаушылар тарапының үнемі езгізінде, патшалық Ресейдің қысымында болды. Осы сәтте Жанқожа батыр алғашқылардың бірі болып сөз сөйлеп, басқыншыларға қарсы қозғалыс ұйымдастырды. Сол себепті оның құрметіне орай Ақтөбе қаласы мен Түра-Там ауылында батырға ескерткіш орнатылды. Қазақстанның көптеген қаласындағы көшелер оның есімімен аталады. Сонымен қатар атақты батырға халық шығармашылығының көптеген туындылары: музыкалық шығармалар, өлеңдер, картиналар арналған.

💫1902 жылы 17 қазанда Детройтта алғашқы Cadillac маркалы көлік шықты. Cadillac Automobile Company «General Motors» концертінде «люкс” жеңіл автомобильдер шығаратын бөлімшесі ретінде құрылды. Компания өзінің керемет атауын Детройт қаласының негізін қалаушы Антуан да Ла Мотте Кадиллактың құрметіне алды. Қазіргі уақытта Cadillac – әлемдегі ең көне автомобиль брендтерінің бірі әрі американдықтардың орындалған армандарының бірі. Компания АҚШ-тың Тәуелсіздік Декларациясында айтылған «Өмір, бостандық және ұмтылыс» ұранын қолданады.

Сізге қай көлік ұнайды: Cadillac немесе Toyota?


👥17 қазан екі танымал әншінің туған күні. Бүгін қазақ эстрадалық және опера әншісі, Жүргенов атындағы Өнер академиясының «музыка өнері» факультетінің деканы Толқын Забирова 53 жасқа толды. Ол Калининград қаласының «Янтарный соловей» (1996), Алматы қаласының «Әлібек Дінішев театры» (1998) және басқа да эстрадалық халықаралық байқаулардың лауреаты. Сондай-ақ бүгін түрік әншісі, әндердің авторы әрі продюсері Таркан 51 жасын атап өтеді. Түрік поп ханзадасы шамамен 19 миллион дана сатылған бірнеше платина альбомын шығарды және «HITT Music» музыкалық компаниясына иелік етеді. Таркан Түркиядан «Тhe World Music Awards» сыйлығын алған алғашқы және жалғыз музыкалық орындаушы болды. Оның шын есімі Хюсаметтин Таркан Теветоглу.

Тарканның қай әнін ұнатасыз?