«Үйде жатпа» күнтізбесі. 17 қазан: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 17 октября, 2024


👍Бүгін Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен Халықаралық кедейлікті жою күні аталып өтеді. 1987 жылы 17 қазанда Парижде жүз мыңнан астам адам жиналып, кедейлік адам құқығын бұзу екенін мәлімдеді. Деректерге сүйенсек, әлемде 1,2 миллиард адам кедейлік шегінен төмен өмір сүреді. Қазақстанда кедейлік шегі адамның айлық ең төменгі күнкөріс деңгейімен есептеледі. Бұл жан басына шаққанда 43 407 теңгені құрайды. Ал шамамен 1 миллион қазақстандық осы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аз табыс табады.

 

Өмір сүру үшін айына 43 407 теңге жете ме?

 

 

🤑1992 жылы 17 қазанда Қызылорда облысының Қазалы ауданында Жанқожа батырға кесене орнатылды. Жанқожа Нұрмұхаммедұлы (1780-1860) — Сырдарияның төменгі ағысында өмір сүрген қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысының батыры. Сол уақытта қазақтың бытыраңқы рулары Қоқан мен Хиуа хандықтарының жаулап алушылары мен патшалық Ресейдің қысымында болған еді. Ал Жанқожа батыр алғаш болып отарлаушыларға қарсы шығып, қозғалыс ұйымдастырды. Сондықтан батырдың құрметіне орай Ақтөбе қаласы мен Төретам ауылында ескерткіштер орнатылған. Қазақстанның көптеген қаласында оның есімімен көшелер аталған. Сонымен қатар атақты батырға халық шығармашылығында көптеген музыкалық туынды, поэмалар мен картиналар арналған.

💡1902 жылы 17 қазанда Детройтта алғашқы Cadillac маркалы көлік шықты. Cadillac Automobile Company «General Motors» концертінде «люкс” жеңіл автомобильдер шығаратын бөлімшесі ретінде құрылды. Компания атауы Детройт қаласының негізін қалаушы Антуан да Ла Мотте Кадиллактың құрметіне қойылған. Қазіргі уақытта Cadillac — әлемдегі ең көне автомобиль брендтерінің бірі әрі америкалықтардың орындалған арманы. Компания АҚШ-тың Тәуелсіздік Декларациясында айтылған “Өмір, бостандық және ұмтылыс” ұранын ұстанады.

 

Сізге қай көлік ұнайды: Cadillac немесе Toyota?

👥17 қазан — танымал екі әншінің туған күні. Бүгін қазақ эстрадалық және опера әншісі, Жүргенов атындағы Өнер академиясының «Музыка өнері» факультетінің деканы Толқын Забирова 54 жасқа толды. Ол Калининград қаласының «Янтарный соловей» (1996), Алматы қаласының «Әлібек Дінішев театры» (1998) және басқа да эстрадалық халықаралық байқаулардың лауреаты. Сонымен қатар бүгін түрік поп-музыкасының ханзадасы, әнші, композитор және продюсер Таркан 52 жасын атап өтеді. Өнер иесі шамамен 19 миллион данамен сатылған бірнеше платиналық альбом шығарды. Сондай-ақ ол «HITT Music» музыкалық компаниясына иелік етеді. Таркан Түркиядан «Тhe World Music Awards» сыйлығын алған алғашқы және жалғыз музыкалық орындаушы болды. Оның толық аты-жөні — Хюсаметтин Таркан Теветоғлу.

 

Тарканның қай әнін ұнатасыз?