«Үйде жатпа» күнтізбесі. 17 мамыр: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 17 мая, 2024


📱Бүгін көпшілік интернеттің пайда болған күнін атап өтеді. 1991 жылы 17 мамырда интернет WWW (World Wide Web) стандартының бекітілуімен қолданысқа енді. Оның алғашқы қызметі электрондық пошта, ақпараттық бюллетеньдер және файлдарды тасымалдаумен шектелді. 30 жылдық тарихында ол көпшіліктің қолдауымен қатар, түрлі сынына да ұшырады. Осы жолдарды еңсеру  арқылы биіктерді бағындыра алды. Мәселен, қазіргі ақпаратты да интернеттің дамуының арқасында оқып отырсыз.

 

Сіз интернетсіз қанша уақыт өткізе аласыз?


🤩17 мамыр — Халықаралық пульмонолог күні. Пульмонолог – тыныс алу жүйесі мен өкпе ауруларын алдын алумен, оны зерттеумен, диагностикалаумен және емдеумен айналысатын маман. Олар респираторлық аурулардың түрін емдеп қана қоймай, көптеген адамға темекіден бас тартуға және осы жаман әдетке байланысты проблемалардан арылуға көмектеседі. Пандемиядан бері пульмонологтардың маңыздылығы артып, сұранысқа ие мамандардың қатарына енді. 

 

Егер таныстарыңыздың арасында пульмонологтар болса, оларды мерекесімен құттықтап қойыңыз! 

 

😇231 жыл бұрын Уолл-стритте Нью-Йорк қор биржасы құрылды. 1792 жылы 17 мамырда 24 брокер кең жапырақтары жылу мен жаңбырдан құтқаратын ағаштың атымен аталған “Платан” келісіміне қол қойып, өз қауымдастығын құруға шешім қабылдады. Қазір әлемдегі ең ірі қор биржасы АҚШ пен қаржы саласының күш-қуатының негізгі символына айналды. Биржада әлемге әйгілі Dow Jones индексі анықталады.

Егер акциялар мен бағалы қағаздар нарығына қызығушылық танытсаңыз, комментарийге жаза кетіңіз. Алдағы уақытта толық ақпаратты бөлісетін боламыз.

 

👥Бүгін Қазақстан Президенті, Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 71 жасқа толды. Сонымен қатар ол Қауіпсіздік Кеңесінің және Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы. Әкесі Кемел Тоқаев (1923-1986) — Ұлы Отан соғысына қатысушы, жазушы, қазақ әдебиетіндегі детектив-шытырман оқиғалы жанрдың негізін қалаушы. Анасы Тұрар Шабарбаева (1931-2000) Алматы шет тілдері педагогикалық институтында жұмыс істеген. Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық қатынастарға арналған 10 кітаптың авторы әрі салауатты өмір салтын қолдаушы. Президент көркем, саяси және мемуарлық әдебиеттерді оқығанды ​​ұнатады. Ажырасқан. Тимур деген ұлы бар. 

 

Happy birthday mister President! https://www.youtube.com/watch?v=iH3oOVKt0WI