«Үйде жатпа» күнтізбесі. 17 мамыр: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 17 Мамыр, 2023


📱Бүгін көпшілік интернттің пайда болған күнін атап өтеді. 1991 жылы 17 мамырда Интернет WWW (World Wide Web) стандартының бекітілуімен қолданысқа енді. Оның алғашқы қызметі тек электрондық пошта, ақпараттық бюллетеньдер және файлдарды тасымалдау болды. 30 жылдық тариыхы бар ғаламтор осы уақытқа дейін жағымды пікірмен қатар, түрлі сынға да ұшырады. Осы прогресс арқылы биік белестерді бағындыра алды. Мәселен, қазіргі ақпаратты да сіз интернеттің дамуының арқасында оқып отырсыз.

 

Сіз қанша уақытыңызды интернетсіз өткізе аласыз?

🩺17 мамыр – Халықаралық пульмонолог күні. Бұл маман иесі туралы не білесіз? Пульмонолог – тыныс алу жүйесі мен өкпе ауруларының алдын алу, зерттеу, диагностикалау және емдеумен айналысатын маман. Олар респираторлық аурулардың түрін емдеп қана қоймай, көптеген адамға темекіден бас тартуға және осы жаман әдетке байланысты проблемалардан арылуға көмектеседі. Пандемиядан бері пульмонологтардың маңыздылығы артып, сұранысқа ие мамандардың қатарына енді. 

 

Егер таныс пульмонологтар болса, оларды кәсіби мерекесімен құттықтап қойыңыз!

💰231 жыл бұрын Уолл-стритте Нью-Йорк қор биржасы құрылды. 1792 жылы 17 мамырда 24 брокер кең жапырақтары жылу мен жаңбырдан құтқаратын ағаштың атымен аталған «Платан келісіміне» қол қойып, өз қауымдастығын құруға шешім қабылдады. Қазір әлемдегі ең ірі қор биржасы АҚШ пен қаржы саласының күш-қуатының символына айналды. Биржада әлемге әйгілі Dow Jones индексі анықталады.

Егер сіз акциялар мен бағалы қағаздар нарығына қызығушылық танытсаңыз, комментарийға жаза кетіңіз. Бұл туралы алдағы уақытта жиі тақырыптар қозғайтын боламыз.

🤝Бүгін Қазақстан Президенті, Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 70 жасқа толды. Сонымен қатар ол Қауіпсіздік Кеңесінің және Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы. Әкесі – Кемел Тоқаев (1923-1986) Ұлы Отан соғысына қатысушы, жазушы, қазақ әдебиетіндегі детектив-шытырман оқиғалы жанрдың негізін қалаушы. Анасы – Тұрар Шабарбаева (1931-2000) Алматы шет тілдері педагогикалық институтында жұмыс істеген. Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық қатынастарға арналған 10 кітаптың авторы әрі салауатты өмір салтын қолдаушы. Президент көркем, саяси және мемуарлық әдебиеттерді оқығанды ​​ұнатады. Ажырасқан. Тимур деген ұлы бар. 

 

Happy birthday mister President! https://www.youtube.com/watch?v=iH3oOVKt0WI