👐 17 маусым Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен Дүниежүзілік шөлейттену мен қуаңшылыққа қарсы күрес күні ретінде аталып өтеді. Мерекенің мақсаты – орны толмас зардаптарға әкеліп соқтыратын құрғақшылық мәселелеріне әлемдік қоғамдастықтың назарын аудару. Қазақстан үшін шөлейттену проблемасы құрлықтың ішкі орналасуы мен климаттың ерекшеліктеріне байланысты өзекті болып келеді. Бұған мысал – Арал теңізінің экологиялық дағдарысы.
🤷♀️17 маусым Дүниежүзілік қоқыс жинаушылар күні аталып өтеді. Әлемде 4,5 миллиард адам антисанитарлық жағдайда өмір сүреді. Тұрғын үйге жақын орналасқан қоқыс жәшіктері бес жасқа дейінгі балалар өліміне алып келуде. Өйткені олар түрлі жұқпалы аурудың туындауына себеп. Жер шарында қоршаған ортаның ластануына байланысты минут сайын бір бала қайтыс болады. Сондықтан тәртіп пен тазалықты, қоқыстарды жинау мен өңдеумен айналысатын адамдардың еңбегі біздің денсаулығымызға деген қамқорлықпен тікелей байланысты.
Сіз осындай бастамаларды қолдайсыз ба?
🏛2011 жылдың 17 маусымында Астрахан облысында (РФ) Бөкей хан (1742-1815) кесенесінің құрылысы басталды. Ол Қазақстан тарихына Жайық пен Еділ арасындағы қазақтарды біріктірген Бөкей Ордасының негізін қалаушы ретінде енді. Дәл Бөкей Ордасында 1841 жылы тұңғыш қазақ зайырлы мектебі ашылды. Оның түлектері М.Бабаджанов, Ш.Бөкеев, Р.Құрманғалиев, Ш.Жексенбаев және басқа да белгілі қазақ зиялыларының өкілдері болды. Құрылыс Қазақстан мен Астрахан кәсіпкерлері жинаған қаражатқа жүргізіліп, сол жылдың қазан айында аяқталды.
📖1876 жылы 17 маусымда Ресей империясының Ішкі істер министрлігі украин тілінде оқулықтар мен танымал ғылыми кітаптарды басып шығаруға тыйым салды. Бұған император Александр II жарлығы негіз болды. Тыйым салынған ақпараттарды атап айтатын болсақ: 1) украин тілінде жазылған кітаптарды шетелден Ресей империясының аумағына арнайы рұқсатсыз әкелуге; 2) украиндық театр қойылымдарын, сондай-ақ украин мәтіндері бар ноталарды басып шығару; 3) украиндық түпнұсқа туындыларды шығаруға және шет тілдерінен аудармалар жасауға; 4) кез келген кітаптарды украин тілінде басып шығаруға; 5) украин әндерiн айтуға, концерттер ұйымдастыруға; 6) бастауыш мектептерде украин тілінде сабақ беруге.