🙌17 наурызда қазақстандықтар Шаңырақ күнін атап өтеді. Шаңырақ – қазақ халқының материалдық әрі рухани мұрасының ажырамас бөлігі. Сонымен қатар берекелі отбасының, берік шаңырақтың, ұрпақтар сабақтастығының және отбасы құндылықтарының белгісі. Бұл мереке ұрпақ тәрбиесіндегі ұлттық мәдениеттің маңыздылығын еске салады. Жастар патриотизм, ізгілік және еңбекқорлық – өмірдің басты қағидалары екенін өмірдің басты құндылықтары екенін әрдайым есте ұстауы қажет.
🌜Бүгін — Дүниежүзілік ұйқы күні. Түнде ұйқының дұрыс болмауы денемізге, соның ішінде миымыз бен ақыл-ойымызға кері әсерін тигізеді. Түнде күш-қуатты жеткілікті мөлшерде жинап, таңертеңгі шаршау сезімінен алдын алу үшін ұйықтар алдында тамақ пен құрамында алкогольі бар сусындарды ішпеңіз. Түнде ересек адамдар 7-8 сағат, ал балалар 10 сағат ұйықтағаны жөн. Есіңізде болсын, күніңіздің сәтті өтуі әрі көңіл күйіңіздің көтеріңкі болуы тікелей ұйқыға байланысты.
💃2019 жылдың 17 наурызында Самал Еслямова Азияның үздік актрисасы атанды. Бұл марапат оған “Айка” фильміндегі басты рөлі үшін берілді. Осы рөлдің арқасында ол 2018 жылдың мамырында Қазақстан тарихында алғаш рет 71-Канн кинофестивалінде “Үздік актриса” атағына ие болды.
Самал Еслямова түскен қандай фильмді тамашаладыңыз?
👥17 наурызда дүниеге келген атақты адамдар. 104 жыл бұрын қазақтың тұңғыш кәсіби кинорежиссеры Дариға Тналина (1921-2011) дүниеге келді. Сол кезеңде аталған салада тек ер адамдар төбе көрсетіп жүргенде, ол әйел адамдардың да қалыс қалмайтынын дәлелдеп, көпшілікті кәсіби біліктілігімен тәнті етті. Осылайша, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері атанды. Сонымен қатар 87 жыл бұрын XX ғасырдағы ең танымал балет әртістерінің бірі Рудольф Нуреев (1938-1993) өмірге келді. Ол 1961 жылы Ленинград театрының солисі ретінде Париждегі гастрольдік сапардан кейін Кеңес Одағына қайтудан бас тартып, Батысқа қоныс аударған ең танымал өнер адамдарының бірі болды. Нуреев аты аңызға айналған балерина Марго Фонтейнмен бірге 17 жыл бойы әлемдік сахналарда өнер көрсетті. Кейін Париж операсының балет труппасын басқарды.