🔥17 сәуірде Қазақстанда өртке қарсы қызмет күні аталып өтеді. Бұл маман иелері бастарын әрдайым бәйгеге тігіп, өзінен бұрын өзгенің өмірін сақтап қалуға атсалысады. Соның жарқын мысалы ретінде 2006 жылы Астанадағы Transport Tower (“Оттық”) зәулім ғимаратын, 2022 жылы Қостанай облысындағы және өткен жылы Абай ауданында болған орман өртін еске түсіруге болады. Осы оқиғалар орын алған уақытта өрт сөндірушілеріміз аянбай еңбек етті.
Таныстарыңыздың арасында өрт сөндірушілер болса, оларды мерекесімен құттықтауды ұмытпаңыз!
💊17 сәуір – Дүниежүзілік гемофилиямен күрес күні. Қанның ұю процесінің бұзылуынан пайда болатын ауыр генетикалық ауруды кейде “патшалық” немесе “патшайымдық” ауру деп те атайды. Мәселен, Ұлыбритания патшайымы Викторияның Х хромосомасындағы бір гені мутацияға ұшыраған екен. Оның тоғыз баласы болды. Сәйкесінше гемофилия Еуропадағы басқа да патша үйлеріне тарады. Көп жағдайда аталмыш дертке шалдыққан науқастар арнайы терапиядан өтпесе, мүгедектікке душар болып, ұзақ өмір сүру мүмкіндігінен айырылуы мүмкін. Бүгінде әлемде гемофилиямен ауыратын 400 мыңнан астам науқас бар. Ал оның 800-ден астамы қазақстандықтар.
☕️17 сәуір — Халықаралық эспрессо кофесі күні. Оның тарихы 1938 жылы итальяндық Ахил Гаджия кофеқайнатқыштарды өндіруге алғаш рет патент алған кезде басталды. Нәтижесінде осы қуаттандыратын сусын пайда болды. Эспрессоның құрамында кәдімгі кофеге қарағанда кофеин аз кездесетін көрінеді. Сонымен қатар ғалымдар эспрессо — жүрек ауруы мен ұйқы безінің қатерлі ісігінің қаупін азайтатынын анықтады. Есте сақтаңыз, күніне 8 шынаяқ эспрессо ішу қауіпті болғандықтан, тек 2-3 мәрте тұтынған жөн.
Сізге кофенің қай түрі ұнайды?
✍️Бүгін поэзия сүйер қауым “Хокку” күнін атап өтеді. Қазіргі таңда бұл жанр әлем бойынша кең етек жайды. Күншығыс елінде хокку ғасырлар бойы жалғасып келеді. Ол әдет-ғұрыпқа негізделген әндер мен аңыздар сияқты халықтың үлкен өнертабысы болып тұр.
Бір кездері жанрдың тұтас негізін қалаған әрі оның канондарын анықтаған Мацуо Башоның шығармалары ғана жоғары танымалдылыққа ие болды. Алайда Жапония мен әлемнің басқа елдерінде, соның ішінде Қазақстанда да осы жанрды жазатын дарынды авторлар көп.