🔥17 сәуірде Қазақстанда өртке қарсы қызмет күні аталып өтеді. Бұл маман иелері бастарын әрдайым қатерге тіге отырып, өзінен бұрын өзгенің өмірін сақтап қалуға атсалысады. Олардың ерлігіне мысал ретінде 2006 жылы елордадағы «Транспорт тауэр» («Шырағдан») ғимаратының өртін сөндіру кезінде көрсеткен батырлықтарын, 2022 жылы Қостанай облысындағы және былтыр Абай облысындағы орман өрттерін ауыздықтау барысындағы жанқиярлық істерін атауға болады. Қазіргі таңда да көптеген өрт сөндірушілер көктемгі тасқынмен күреске жұмылдырылған.
Таныстарыңыздың арасында өрт сөндірушілер болса, оларды мерекесімен құттықтауды ұмытпаңыз!
🌝17 сәуірде Дүниежүзілік гемофилиямен күрес күні аталып өтеді. Қанның ұю процесінің бұзылуынан пайда болатын ауыр генетикалық ауруды кейде “патшалар дерті” немесе “патшайым ауруы” деп те атайды. Бұл генетикалық мутация алғаш рет Ұлыбритания патшайымы Викторияның Х хромосомасында пайда болған. Патшайым тоғыз бала туған, соның арқасында бұл дерт Еуропаның өзге де корольдік әулеттеріне тараған. Көп жағдайда аталған дертке шалдыққан науқастар арнайы терапиядан өтпесе, мүгедектікке душар болып, ұзақ өмір сүру мүмкіндігінен айырылуы мүмкін. Бүгінде әлемде гемофилиямен ауыратын 400 мыңнан астам науқас бар. Ал оның 800-ден астамы қазақстандықтар.
☕️17 сәуір — Халықаралық эспрессо кофесі күні. Бұл мерекенің тарихы 1938 жылдан басталады, дәл сол жылы итальялық Акиле Гаджиа алғаш болып кофемашина шығаруға патент алған. Осы жаңалықтың арқасында сергектік сыйлайтын эспрессо дүниеге келді. Қызығы, эспрессода кәдімгі қара кофе мен американоға қарағанда кофеин аз болады екен. Ғалымдардың айтуынша, эспрессо жүрек аурулары мен ұйқыбез қатерлі ісігінің алдын алуға көмектеседі. Дегенмен күніне 8 кеседен артық ішпеген жөн, ал ең жақсысы – 2–3 кесемен шектелу.
Сізге кофенің қай түрі ұнайды?
🗣Бүгін поэзия сүйер қауым “Хокку” күнін атап өтеді. Қазіргі таңда бұл жанр әлем бойынша кең етек жайды. Күншығыс елінде хокку ғасырлар бойы жалғасып келеді. Ол әдет-ғұрыпқа негізделген әндер мен аңыздар сияқты халықтың үлкен өнертабысы болып тұр. Бір кездері жанрдың тұтас негізін қалаған әрі оның канондарын анықтаған Мацуо Башоның шығармалары ғана жоғары танымалдыққа ие болды. Алайда Жапония мен әлемнің басқа елдерінде, соның ішінде Қазақстанда да осы жанрды жазатын дарынды авторлар көп.
Сізге қайсы көбірек ұнайды, хокку немесе рубаи?