🔥 Бүгін Қазақстан мен кейбір посткеңестік елдерде өртке қарсы қызмет күні аталып өтеді. Бұл күн 1918 жылы 17 сәуірде «Өртпен күресудің мемлекеттік шараларын ұйымдастыру туралы» жарлыққа қол қоюмен байланысты. Иә, еліміздің өрт сөндірушілері өз өмірлерін қатерге тігіп, әрқашан көмектесуге дайын. Соның жарқын мысалдарының ішінде 2006 жылы Астанада халық «оттық» деп атаған Transport Tower зәулім ғимаратын және өткен жылы Қостанай облысындағы орман өртін сөндірудегі ерліктерін еске түсіруге болады.
Таныстарыңыздың арасында өрт сөндірушілер болса, оларды мерекесімен құттықтауды ұмытпаңыз!
👩⚕️ 17 сәуір – Дүниежүзілік гемофилиямен күрес күні. Қанның ұю процесінің бұзылуынан пайда болатын ауыр генетикалық ауруды кейде патшалық немесе патшайымдық ауру деп те атайды. Мәселен, Ұлыбритания патшайымы Викторияда Х хромосомасында бір гендік мутация болды. Оның тоғыз баласы болды. Олар арқылы гемофилия Еуропадағы басқа патша үйлеріне де тарады. Аталмыш ауруға шалдыққа науқастар көп жағдайда арнайы терапиясыз мүгедектікке душар болып, ұзақ өмір сүре алмайды. Бүгінде әлемде гемофилиямен ауыратын 400 мыңнан астам науқас бар. Ал оның 800-ден астамы қазақстандықтар.
☕️ 17 сәуір — Халықаралық эспрессо кофе күні. Оның тарихы 1938 жылы итальяндық Ахил Гаджия кофеқайнатқыштарды өндіруге бірінші патент алған кезде басталды. Нәтижесінде осы қуаттандыратын сусын пайда болды. Эспрессоның құрамында кәдімгі кофеге қарағанда кофеин аз кездесетінін айтады. Сонымен қатар ғалымдар эспрессо — жүрек ауруы мен ұйқы безінің қатерлі ісігінің қаупін азайтатынын анықтады. Есте сақтаңыз, күніне 8 шынаяқ эспрессо ішу қауіпті. Сол себепті күніне тек 2-3 кесе ішу жеткілікті болып саналады.
Сізге кофенің қай түрі ұнайды?
📝 Бүгін поэзия сүйер қауым — Хокку күнін атап өтеді. Қазіргі таңда жапон өлеңдері әлемге кең етек жайған. Жапонияда хайку ғасырлар бойы жалғасып келеді. Ол әдет-ғұрып әндері мен аңыздар сияқты халықтың үлкен өнертабысы болып есептеледі. Бір кездері аталмыш жанрдың тұтас негізін қалаған әрі оның канондарын анықтаған Мацуо Башоның шығармалары ғана жоғары танымалдылыққа ие болды. Алайда Жапонияда, әлемнің басқа елдерінде, соның ішінде Қазақстанда да осы жанрда жазатын дарынды авторлар көп.
Сізге қайсы көбірек ұнайды, хайку немесе рубаи?