«Үйде жатпа» күнтізбесі. 17 шілде: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 17 июля, 2023


🤝17 шілде құқық қорғаушылар Халықаралық әділет күнін атап өтеді. Геноцид, адамзатқа қарсы қылмыстар және әскери қылмыстар Халықаралық қылмыстық соттың құзырына жатады.  Қазіргі уақытта халықаралық шартқа 123 мемлекет қатысуда. Гаага сотына Қазақстан, Ресей, Қытай және АҚШ мемлекеттері қатыспайды. 17 наурызда Халықаралық қылмыстық сот Ресей президенті Владимир Путинді тұтқындауға ордер берді. 

🫶17 шілде — Дүниежүзілік эмодзи күні. Бұл белгілер хаттар мен хабарламаларды жазу барысында, чаттар мен форумдарда сөйлесу кезінде ерекше қолданылатын жеке тілге айналды. Әлемге танымал — бұл қуаныш пен көз жасы қатар шыққан смайлик. Позитивті белгілердің қайғылы және жағымсыз белгілерден 5 есе көп болуы интернет қолданушыларының оптимистік көзқарасын көрсетеді.

 

Сіздің сүйікті эмодзиіңіз қандай? 

🥳Бүгін — Диснейлендтің туған күні. 1955 жылы 17 шілдеде Анахаймда әлемдегі алғашқы ойын-сауық саябағы ашылды. Ол Уолт Диснейдің ересектер мен балаларға арналған қызықты саябақ туралы идеясын жүзеге асырды. Онда балалар ертегілері мен мультфильмдер әлемі қайта құрылды. Бұл ойын-сауық алаңын ашу үшін 17 миллион долларға жуық қаражат жұмсалды. Бүгінгі таңда әлемде 6 Диснейленд бар. Атап айтатын болсақ, АҚШ пен Қытайда екеуі, Франция мен Жапонияда біреуі жұмыс істеп тұр. Мұнда шамамен 600 миллион адам табан тіреді.

 

Сізге қай Дисней кейіпкері ұнайды? 

👥17 маусым өмірге келген қазақтың атақты тұлғалары. 117 жыл бұрын Қазақстанның тұңғыш әнұран музыкасының авторларының бірі Латиф Хамиди дүниеге келді. Ол қазақ композиторлық музыкасының негізін қалаушылардың бірі. Сонымен қатар халық музыкасын жинаушы-этнограф, «Абай», «Жамбыл» операларының авторы. Сондай-ақ 76 жыл бұрын мүсінші, академик, Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі Бақытжан Әбішев (1947-2017) дүниеге келді. Өнер иесі Алматы қаласындағы Жамбыл мен Тоқаш Бокин ескерткіштерінің, Қазақстан бойынша көптеген мүсіндердің авторы. Оның туындылары шетел төрінен орын алды. Нақтырақ айтсақ, “Олимпиада” мүсіні – Швейцариядағы Олимпиада комитетінің штаб-пәтерінде, “Күйші” – Германияда, ал “Томирис” – Мәскеуде.