«Үйде жатпа» күнтізбесі. 17 тамыз: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 17 августа, 2023


🙌17 тамыз халықаралық секонд хэнд күні аталып өтеді. Аталмыш сөзді ағылшын тілінен аударғанда “екінші қолдан шыққан” деген мағынаны білдіреді. Бұл дүкендерде 5%-ға дейін қолданылған элиталық киімдер мен халық тұтынатын тауарлар сатылады. Оның тұтынушыларын винтаж стилін ұнататындардан бастап студенттерге дейін әртүрлі әлеуметтік ортаны қамтиды. Бүгін осы дүкендердің иелері мен сатушыларына алғыс айту күні. Себебі олар пайдаланылмай қалған ескі заттарға екінші өмір сыйлай білді.

🤞2011 жылы 17 тамызда астаналар мен ірі қалалардың халықаралық ассамблеясы ұйымдастырған байқаудың қорытындысы бойынша Шымкент ТМД-дағы ең үздік қала болып танылды. Ассамблеяға ТМД-ның 9 елінен 58 қала, оның ішінде Қазақстанның екі қаласы – Астана мен Шымкент кіреді.

🤷‍♀️1896 жылы 17 тамызда 44 жастағы ағылшындық әйел Бриджит Дрисколл тарихтағы алғашқы жол апатының құрбаны болды. Екі баланың анасын автокөлік компаниясының қызметкері Артур Эдселл қағып кетті. Ол үш апталық жүргізу тәжірибесіне қарамастан, қызын таңқалдыру үшін жылдамдықты екі есе арттырып, қайғылы оқиғаға тап болады. Алайда сот Дрисколлды өзі немқұрайлық танытты деп санады.

Жолда әрқашан абай болыңыз! Себебі жол ережесін сақтамайтын жүргізушілер барлық елде кездеседі!

👥17 тамыз — атақты екі актердің туған күні. Бүгін американдық актер, продюсер және режиссер Роберт Де Ниро 80 жылдық мерейтойын атап өтеді. Ол көпшілікке криминалдық фильмдер, триллер және режиссер Мартин Скорсеземен бірлесіп түсірген рольдерімен танымал. Өнер иесі “Алтын глобус” (1981, 2011) және “Оскар” (1975, 1981) сыйлығының иегері. Сонымен қатар бүгін американдық актер, кинорежиссер, сценарист әрі продюсер Шон Пенн 63 жасқа толды. Ол “Таинственная река” және “Харви Милк” фильмдерінде басты рөлді сомдау арқыдлы “Оскар” сыйлығын иеленді. Сонымен қатар әлемдегі ең ірі үш кинофестивальдің жүлдегері атанды. Атап айтатын болсақ, Канн, Венеция (екі рет) және Берлин.

Сізге қай актер ұнайды: Роберт де Ниро немесе Шон Пенн?