«Үйде жатпа» күнтізбесі. 17 тамыз: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 17 августа, 2024


🐴Тамыз айының әр үшінші сенбісінде Дүниежүзілік бұралқы жануарларды қорғау күні аталып өтеді. Бүгінгі таңда үйсіз жүрген жануарлар мәселесі әр елде өзекті тақырыпқа айналды. Қазақстанда иттердің адамдарға шабуылы жыл сайын артып келеді. Президент Тоқаев бұл мәселе жергілікті биліктің аталмыш жағдайға дұрыс көңіл бөлмеуінен екенін атап өтті. Сол себепті қоғамда қаңғыбас жануарларды ату керек пе, әлде бұл мәселені шешудің гуманистік жолдарын іздеу керек пе деген пікірталас қызу жүріп жатыр.

👀17 тамыз халықаралық секонд-хэнд күні аталып өтеді. Аталмыш сөзді ағылшын тілінен аударғанда “екінші қолдан шыққан” деген мағынаны білдіреді. Мұнда 5%-ға дейін қолданылған элиталық киімдер мен халық тұтынатын тауарлар сатылады. Оның тұтынушылары винтаж стилін ұнататындардан бастап студенттерге дейін әртүрлі әлеуметтік ортаны қамтиды. Бүгін осы дүкендердің иелері мен сатушыларына алғыс айту күні. Себебі олар пайдаланылмай қалған ескі заттарға екінші өмір сыйлап жүр.

🗣2011 жылы 17 тамызда астаналар мен ірі қалалардың халықаралық ассамблеясы ұйымдастырған байқаудың қорытындысы бойынша Шымкент ТМД-дағы ең үздік қала болып танылды. Ассамблеяға ТМД-ның 9 елінен 58 қала, оның ішінде Қазақстанның екі қаласы – Астана мен Шымкент кіреді.


👥17 тамыз — атақты екі актердің туған күні. Бүгін америкалық актер, продюсер және режиссер Роберт Де Ниро 81 жасқа толды. Ол көпшілікке криминалдық фильмдер, триллер және режиссер Мартин Скорсеземен бірлесіп түсірген рольдерімен танымал. Өнер иесі “Алтын глобус” (1981, 2011) және “Оскар” (1975, 1981) сыйлығының иегері. Сонымен қатар бүгін америкалық актер, кинорежиссер, сценарист әрі продюсер Шон Пенн 64 жасқа толды. Ол “Таинственная река” және “Харви Милк” фильмдерінде басты рөлді сомдау арқылы “Оскар” сыйлығын иеленді. Сонымен қатар әлемдегі ең ірі үш кинофестивальдің жүлдегері атанды. Атап айтатын болсақ, Канн, Венеция (екі рет) және Берлин.

Сізге қай актер ұнайды: Роберт де Ниро немесе Шон Пенн?