⚡️Бүгін – Батарея күні. Бұл күн кездейсоқ таңдалған жоқ – 18 ақпан әйгілі ғалым Алессандро Вольтаның (1747–1827) туған күні. Ол химиялық энергияны электр энергиясына айналдыру теориясының негізін қалаған. Аталған күні батареялардың тарихына ғана емес, оларды дұрыс кәдеге жарату мәселесіне де ерекше назар аударылады. Себебі аккумуляторлар мен басқа да қуат көздерінің құрамындағы зиянды заттар бөлініп, қоқысқа түскеннен кейін топырақ пен суды ауыр металдармен ластайды. Сондықтан ғалымдар тек батареялардың сыйымдылығы мен зарядталу жылдамдығын арттырумен ғана емес, сонымен қатар олардың экологияға қауіпсіз болуын қамтамасыз етумен де айналысады.
Сізге қай фирманың батареялары ұнайды?
🌚Бүгін астрономия әуесқойлары Плутон күнін тойлайды. 1930 жылы 18 ақпанда астроном Клайд Томбо Күн жүйесіндегі ең ірі ергежейлі ғаламшарды ашты. Бұған дейін ғалымдар оның бар екені жайлы тек болжам жасаған еді. Жаңа ашылған ғаламшарға атауды қарапайым америкалық мектеп оқушысы ұсынды. Ол ғалымдарға оны мифологиялық кейіпкер – мәңгі қараңғылықта жасырынған Плутонның құрметіне атауды ұсынған. Бұл атау ашылған планетаның табиғатын дәл сипаттағандықтан, тез таралып кетті.
🌝Бүгін — Дүниежүзілік тұшпара күні. Бұл дәмді тағамның отаны — Удмурт Республикасы. Ал оның атауы “нан құлағы” деген мағынаны білдіреді. Тіпті Ижевск қаласында тұшпараға арналған ерекше ескерткіш бар. Үш метрлік композицияның ортасында шанышқыға ілінген алып тұшпара бейнеленген, оның диаметрі шамамен бір метрге жетеді. Тұшпараға ұқсас тағамдар Азия, Кавказ, Үндістан, Италья, Германия және басқа да көптеген әлем халқының асханасында кездеседі.
Сізге тағамның қай түрі ұнайды? Тұшпара әлде манты ?
👥18 ақпан — танымал қос тұлғаның туған күні. 127 жыл бұрын аты аңызға айналған итальяндық дизайнер, кәсіпкер және жарыс жүргізушісі Энцо Феррари (1898-1988) дүниеге келді. Көптеген мәртебелі марапат пен орден иегері қарапайым өмір сүріп, өте сирек сұхбат берген. Ол ұшақпен ұшып көрмеген, Римде болмаған және лифтке отырмаған. Сонымен қатар бүгін америкалық актер, биші әрі әнші Джон Траволта 71 жасқа толды. Ол мансап жолында 70-тен астам фильмде ойнады. Актер — «Алтын глобус» және «Эмми»сыйлықтарының иегері.
Сізге қайсы көбірек ұнайды: Ferrari әлде Lamborghini?