«Үйде жатпа» күнтізбесі. 18 ақпан: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 17 февраля, 2023


☑️ Бүгін ең маңызды өнертабыс – Батарея күнін атап өтеміз. Аталмыш күн кездейсоқ таңдалған жоқ. 18 ақпан химиялық электр энергиясына түрлендіру теориясының негізін салушы — Алессандро Вольта (1747-1827) дүниеге келді. Батарея күнін тойлау барысында аккумулятордың ойлап табылу тарихына да, оны дұрыс кәдеге жаратуға да назар аударылады. Сонымен қатар экология мәселесін қозғайды. Бір нәрсені ескере кеткен жөн: батареялар мен ұқсас құрылғылардың құрамдас бөліктері полигондарға түсіп, ыдырай бастайды, топырақ пен суды ауыр металдармен ластайды. Сондықтан ғалымдар батареяларды зарядтау сыйымдылығы мен жылдамдығын арттырып қана қоймай, құрылғылардың қоршаған орта үшін қауіпсіздігін арттыру үшін де үнемі жұмыс істейді. 

Сізге қай фирманың батареялары  ұнайды?

☑️ Бүгін астрономия әуесқойлары — Плутон күнін тойлайды. 1930 жылы 18 ақпан астролог Клайд Томбо — Күн жүйесіндегі ең үлкен ғаламшарды ашты. Күн мен Плутонның арасындағы қашықтық 7 миллиард 307 миллион шақырымға сәйкес. Плутон жоғарғы ғаламшарлардың тобына кіреді. 

Оның диаметрі небәрі 3000 шақырым. Телескоп арқылы Плутон кішкентай жұлдыз сияқты көрінеді. Бұл ғаламшарға атауды американдық мектеп оқушысы берді. Ал ғалымдар оны қараңғыда жасырынған мифологиялық тіршілік иесінің құрметіне — Плутон деп атауды ұсынды.

Сіздің ойыңызша ғарышта әлі де тіршілік иелері бар ма?

☑️ Бүгін — Дүниежүзілік тұшпара күні. Бұл тағамның отаны — Удмурт Республикасы. Ол қазақ тіліне «нан құлағы» деп аударылады. Тіпті Ижевскіде осы тағамның ескерткіші де бар. Гүлзардың ортасындағы үш метрлік құрылыста шанышқыға қадалған тұшпара бейнеленген. Оның диаметрі бір метрге жуық. Тұшпараға ұқсас тағамдар азиялық, кавказдық, үнділік, итальяндық, неміс және басқа да көптеген әлем халқының асханаларында кездеседі.

Сізге тағамның қай түрі ұнайды? Тұшпара әлде манты ? 

☑️18 ақпан танымал екі адамның туған күні. Бүгін американдық актер, биші және әнші — Джон Траволта 69 жасқа толды. Ол мансап жолында 70-тен астам фильмде ойнады. Актер — «Алтын глобус» және «Эмми»сыйлықтарының иегері. 

Сонымен қатар бүгін американдық рэпер және продюсер — Доктор Дре 58 жылдығын атап өтеді. Ол алты мәрте Грэмми сыйлығын иеленді. Сонымен қатар Тупак, Эминем, Снуп Дог, 50 Cent және т.б. сияқты әртістердің ондаған альбомын шығарды. 2019 жылы Forbes журналы оны соңғы он жылдықта 950 миллион доллар тапқан ең табысты музыкант деп атады.

 

Сізге Джон Траволтаның қай фильмі ұнайды?