«Үйде жатпа» күнтізбесі. 18 қазан: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 18 октября, 2024


🤝18 қазан барлық ұлт пен дін өкілдері Қазақстанда Рухани келісім күнін атап өтеді.  2021 жылғы халық санағының нәтижелеріне сәйкес, елімізде тұратын халықтың негізгі құрамы келесідей: қазақтар – 70,4 %, орыстар – 15,5 %, өзбектер – 3,2 %, украиндар – 2,0 %, ұйғырлар – 1,5 %, немістер – 1,2 %, татарлар – 1,1 %, басқа этностар мен ұлтын көрсетпегендер – 5,1 %. Сондай-ақ, ресми түрде 3834 діни бірлестік тіркелген. Бүгінгі күнде басты байлығымыз – береке мен бірлік, тұрақтылық пен тыныштық, бейбітшілік пен келісім.

 

 

💃18 қазанда Дүниежүзілік әйел бақыты күні аталып өтеді. Бұл мерекеде аналар мен әжелерге, әпкелер мен құрбыларға гүл шоқтары мен сыйлықтар табыстап, болашаққа сенім беретін жылы сөздер айту әдетке айналған. Бүгін әлеуметтік желілерде стористер түсіріліп, жазбалар мен тақырыптық бейнероликтер жарияланады. Сондай-ақ сіз де жетістіктеріңіздің тарихын басқа қыздармен және әйелдермен бөлісу арқылы оларды шабыт сыйлап, бақытқа жетуге болатынына сенім ұялатыңыз! 

 

Барлық әйелді осы мерекемен құттықтаймыз!

 

👀18 қазанда тәтті құмар жандар Дүниежүзілік кәмпит күнін атап өтеді. Бұл — әлемде кең таралған тәтті түрі. Ол ежелгі Египет дәуірінде пайда болған. Кәмпит ыдыста тұрған жаңғақ, бал және інжірдің араласуынан пайда болған. Ал арабтар — кәмпит дайындауда қантты бірінші болып пайдаланған ел. XX ғасырда кәмпиттің жасалу процессі жаппай өндіріске айналды. Осылайша қарапайым халыққа да қолжетімді болды.

 

Сізге қандай кәмпиттер ұнайды?

👥18 қазан — танымал екі актердің туған күні. Бүгін америкалық актер, режиссер, сценарист, экшн-сахна режиссері және бельгиялық продюсер Жан-Клод Ван Дамм 64 жасқа толды. Актерлік мансабында ол 50-ден астам фильмде ойнады. Соның ішінде «Кровавый спорт”, “Универсальный солдат”, “Неудержимые 2” фильмдерін атап өтуге болады. Қатарынан үш рет — 1992, 1993 және 1994 жылдары-MTV Movie Awards сыйлығы бойынша «Ең қалаулы адам» номинациясына ұсынылды. Сондай — ақ бүгін үнді киноактрисасы Фрида Пинто 40 жас мерейтойын атап өтеді. Оны «Миллионера из трущоб” фильміндегі Латика рөлі бүкіл әлемге танымал етті. Көпшілік өнер иесінің «Восстание планеты обезьян”, “Черное золото” және “Война богов: бессмертные” фильмдерінен де білеміз. Көптеген журнал Пинтоны ең әдемі әрі сәнқой жұлдыздар рейтингіне жиі қосады.  

 

Жан-Клод Ван Дамм немесе Фрида Пинто сізге кім ұнайды?