😻18 маусым – Дүниежүзілік үйлесім күні. Адам, табиғат пен ғалам арасындағы тепе-теңдік пен келісім ежелгі грек ойшылдарының өзі толғанған терең тақырып еді. Олар адамның жан дүниесіндегі, әлемдегі қарама-қайшы құбылыстардың өзара үндестікте болуының маңызын атап көрсеткен. Үйлесім – өзіңді танудың, дамудың тұтастығының және өзара құрметтің негізі. Адамның ішкі жан әлемі мен сыртқы ортамен үндес өмір сүруі – рухани тепе-теңдіктің, тыныштық пен сенімнің бастауы.
Барша оқырманымызға үйлесімдікте өмір сүруді тілейміз!
🫡2006 жылы 18 маусымда таңғы 4:44-те Байқоңыр ғарыш айлағынан Қазақстанның алғашқы байланыс спутнигі – “KazSat-1” ұшырылды. Ол телехабар тарату, байланыс орнату және деректерді жіберу мақсатында жасалды. Бұл тарихи оқиғаға Қазақстан мен Ресей президенттері арнайы қатысып, ел тарихындағы жаңа белестің куәсі болды. Ең бастысы – бұл спутникті басқару жұмыстары толығымен қазақстандық мамандардың қолына тапсырылды. Алайда 2009 жылы орын алған техникалық ақаулардан кейін спутник орбита зиратына көшірілді. Оның орнын 2011 және 2014 жылдары ұшырылған “KazSat-2” және “KazSat-3” сынды келесі буын аппараттары басты. Бүгінде бұл спутниктер табысты жұмыс істеп жатыр.
🔥Бүгін балалар арбасының пайда болған күні. Балалар арбасы алғаш рет 1733 жылы Англияда алты баланың әкесі — Девоншир герцогіне арналып жасалды. Күйме оған бекітілген понилердің арқасында қозғалды. Ал бір ғасырдан кейін америкалық өнертапқыш Уильям Ричардсон арбаның құрылымын жетілдіріп, оны ыңғайлы әрі басқаруға оңай етіп жасап шықты. Өзінің жаңа туындысын ол 1889 жылдың 18 маусымында ресми түрде тіркеді.
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін туылым көрсеткіші күрт өскендіктен, бала арбасына деген сұраныс та артты. Арзан әрі қолжетімді болуы үшін пластмасса мен болат қоспаларын қолдану өндіріс процесін жеңілдетіп, арбаны көпшілікке қолжетімді етті.
👀18 маусымда өмірге келген атақты адамдар. Бүгін The Beatles тобының негізін қалаушы, Грэмми сыйлығының 16 дүркін иегері және MBE сэр Пол Маккартни 83 жасқа толды. Ол бірнеше рет Гиннестің рекордтар кітабына ең табысты музыкант әрі композитор ретінде енгізілді. Сонымен қатар өнер иесі 1,3 миллиард доллар байлығымен әлемдегі ең бай рок-музыкант болып келеді. Бүгін ресейлік эстрада әртісі, әзілкеш, актер, тележүргізуші, Алла Пугачеваның күйеуі Максим Галкин 49 жасын атап өтеді. 2022 жылы ол әйелі және балаларымен Израильге кетіп, Ресейдің Украинадағы әрекеттеріне қарсы шықты. Содан бері ол концерттерден тапқан ақшаның бір бөлігін украиндық қорға аудара бастады. Осылайша Максим Ресейдегі барлық жарнамалық келісімшарттар мен концерттерден қол үзіп қалды.
Сізге қай өнер иесі ұнайды: Пол Маккартни немесе Максим Галкин?