«Үйде жатпа» күнтізбесі. 19 наурыз: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 19 Наурыз, 2023


👍Бүгін – Халықаралық тұтынушылар күні. Кез келген кәсіпкер үшін ең маңызды тұлға – тұтынушы. Себебі тұтынушы болмаса, бизнес дамымайды. Сондықтан тұтынушылардың жылына бір рет қана емес, күн сайын маңыздылығын ескере жүруіміз керек. Өйткені күнделікті өмірде оларға қажет бөліне бермейді. 

Егер сіз кәсіпкер болсаңыз, тұтынушыларыңызды мерекесімен  құттықтап қойыңыз! 🥳

 

💼4 жыл бұрын – 1990 жылдан бері билікте болған Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев отставкаға кетті. Бұл туралы ол 2019 жылы 19 наурыз күні сағат 19:19-да республикалық телеарналардың тікелей эфирінде мәлімдеді. Сонымен қатар бүгін мәжіліс пен мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді. 

 

Бүгін сайлауға барасыз ба? ✔️

💰1831 жылы 19 наурыз – әлемде алғаш рет ірі банк тонауы болды. Америка Құрама Штаттарында Эдвард Смит есімді ағылшын иммигрант Нью-Йорк Сити банкінің бөлімшесіне кіріп, 245 000 долларды ұрлаған. Бұл сол кездегі үлкен сома еді. Осылайша ол көп ұзамай ұсталып, бес жылға бас бостандығынан айырылды. Осы оқиғадан кейін барлық банк қауіпсіздік шараларын екі есе арттыруға мәжбүр болды. Алайда сол уақыттан бері банк бөлімшелерін, пойыздар мен көлік құралдарын тонау танымал қылмыстық әрекетке айналды. Сондай-ақ аталмыш көрініс режиссерлердің жиі қолданатын сүйікті сюжеттерінің бірі болды.

👥 19 наурыз өмірге келген танымал тұлғалар. 124 жыл бұрын қазақтың тұңғыш инженер әйелі – Мәдина Бегалиева (1899-1974) дүниеге келді. Ол қазақ қыздарының құқығы үшін күресті. Оның бұл әрекетке баруына 14 жасында құрбысын малға сатып, 60 жастағы қарияға күштеп күйеуге беруі әсер еткен. 

Бүгін неміс текті американдық киноактер, продюсер және музыкант – Брюс Уиллис 68 жасқа толды. Ол Голливудтағы ең табысты әрі жоғары жалақы алатын актерлердің бірі. Өткен жылы сырқатына байланысты өнер жолындағы мансабын аяқтады. Брюске биыл деменция диагнозы қойылды.

 

Сізге Брюс Уиллистің қай фильмі ұнайды? 🍿