«Үйде жатпа» күнтізбесі. 18 наурыз: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 18 марта, 2025


💃18 наурыз – Ұлттық киім күні. Қазіргі заманғы жаңғыру дәуірінде ұлттық киім өзінің маңыздылығын жоғалтпай, керісінше, жаңа интерпретацияларда көрініс табуда. Ол өткен дәстүрлер мен заманауи үрдістерді үйлестіре отырып, ұлттық мәдениеттің ажырамас бөлігіне айналып келеді. Бұл күні өзіңіздің киіміңіз арқылы жеке ерекшелігіңізді көрсетіп, мәдени мұраңызға деген мақтаныш сезімін сезініп, ата-бабаларымызға құрмет білдіруге және олардың дәстүрін бүгінгі қоғамда жалғастыруға мүмкіндік аласыз.

😻1965 жылы 18 наурызда адамзат алғаш рет ғарышқа ұшты. Кеңес ұшқыш-ғарышкері Алексей Леонов “Восход-2” ғарыш кемесінің бортынан шығып, 12 минут 9 секунд бойы ашық ғарышта болды. Борттық телевизиялық жүйенің көмегімен адамның ғарыш кеңістігіне шығу процесі, ғарыш кемесінен тыс жұмысы, ғарыш кемесіне қайта оралуы жердегі станциялар желісі арқылы бақыланып отырды.

 

Қазақ ғарышкерлерінің қайсысы ашық ғарыш кеңістігіне шықты?

👏1662 жылы 18 наурызда әлемдегі тұңғыш қоғамдық көлік қызметі Парижде іске қосылды. Алғашқыда олар сегіз орындығы бар ат арба болып жасалды. Оны «омнибус» деп атады. Бұл «барлығы үшін» деген мағынаны білдіреді. Иә, бүгінде қоғамдық көліксіз адам өмірін елестету мүмкін емес. Өйткені жеке көлік сатып алып, онымен жүруге әркімнің қалтасы көтере бермейді. Сол себепті осы идеяны ойлап тапқан әйгілі француз ғалымы — Блез Паскаль дүниежүзіндегі халық тарапынан үлкен құрметке лайық. 

 

Қоғамдық көлікті жиі пайдаланасыз ба?

👥18 наурызда өмірге келген танымал тұлғалар. Бүгін сатирик, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты Толымбек Әлімбекұлы 71 жасқа толды. Ол «Лам-мим» әңгімелер жинағының және «Қарлығаш», «Алтыбақан», «Күлеміз-ау», «Тамаша», «Күлеміз бе, қайтеміз?», «О несі-ей» сынды сатиралық шығармалардың авторы. Сондай-ақ бүгін француз режиссері, сценарист, продюсер әрі жазушы Люк Бессон 66 жасқа толды. Ол «Еуропалық Голливуд» деп аталатын «EuropaCorp» кинокорпорациясының негізін қалаушы. Өнер иесі 100-ден астам фильм түсірді. Олардың көпшілігі блокбастерге айналды. Оның арқасында Жан Рено, Мила Йовович, Натали Портман, Джейсон Стэтхэм және басқа да көптеген актер танымал болды. 

 

Люк Бессонның қай фильмі ұнайды?