☹️18 желтоқсанда БҰҰ бастамасымен Халықаралық мигранттар күні аталып өтеді. Ежелгі заманнан бері адамдар жақсы мүмкіндіктер мен жайлы өмірді іздеп келеді. Климаттың өзгеруі, демографиялық факторлар, тұрақсыздық, теңсіздік және адамдардың жақсы өмірге деген ұмтылысы мен еңбек нарығындағы қажеттіліктердің тапшы болуы көші-қон үрдісінің жалғасатынын білдіреді. 2024 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстанға 20.383 адам көшіп келді. Ал елден кеткендер саны 10.201 адамды құрады.
Ал сіз мигранттарға қалай қарайсыз?
😇Бүгін — Араб тілі күні. 1973 жылы 18 желтоқсанда араб тілі БҰҰ-ның ресми және жұмыс тілдерінің қатарына енді. Қазіргі уақытта араб тілінде 400 миллионға жуық адам сөйлейді. Әрине, әлемдегі барлық мұсылман үшін араб тілі — Құран тілі.
БҰҰ-да неше ресми тіл бар?
🥳2017 жылы 18 желтоқсанда қазақстандық жас әнші Данэлия Тулешова украиналық «Голос. Діти» байқауының жеңімпазы атанды. Оның орындаған «Stone Gold» әнінің бейнебаяны YouTube-те 84 миллион қаралым жинады. Сонымен қатар Данэлия Қазақстан атынан “Junior Eurovision 2018” ән байқауында алғаш рет өнер көрсетіп, “Балалардың жаңа толқыны — 2015” байқауында “Көрермен таңдауы” және “BraVo” сыйлықтарының иегері атанды. Қазіргі таңда 18 жастағы әнші Америкада тұрады және сол жерде жұмыс істейді.
👥18 желтоқсан — танымал қос тұлғаның өмірге келген күні. Бүгін 60-тан астам фильмде ойнаған американдық актер Брэд Питт 61 жасын атап өтеді. Өнер иесі “Оскар” мен “Алтын глобус” сыйлығын екі мәрте иеленіп, бүкіл әлемге танымал болды. Голливудтың сымбатты әрі тартымды актері атанған Брэд Питт жылдар бойы кино әлемінің жарық жұлдызы және көпшіліктің сүйіктісі болып келеді. Сонымен қатар бүгін қазақ тележүргізушісі, продюсер әрі блогер Лайлә Сұлтанқызы 47 жасқа толды. Көптеген кәсіби және мемлекеттік сыйлықтардың иегері 1997 жылдан бастап телевизия саласында жұмыс істеп келеді. Ең танымал қазақстандық блогердің Instagram парақшасында 3,4 миллион жазылушы бар.
Сіз қазақстандық тележүргізушілерден кімді ұнатасыз?