«Үйде жатпа» күнтізбесі. 18 желтоқсан: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 18 Желтоқсан, 2022


☑️Желтоқсанның үшінші жексенбісі энергетика күні аталып өтеді. Бұл мереке энергетикалық ресурстарды өндірумен, электр және жылу энергиясын өткізумен айналысатын мекеме қызметкерлеріне арналған.

Ең алғаш кәсіби мереке ретінде 1966 жылы ГОЭЛРО деген атпен танылған елдің электрификациясының құрметіне бекітілген. Содан соң Қазақстанның заңнамалық жүйесінде ресми мәртебесін 1998 жылы 20 қаңтарда алды. Нақтырақ айтсақ,  «Қазақстан Республикасындағы кәсіби мерекелер және атаулы күндер туралы» Жарлығымен бекітілді.

 

Егер таныстарыңыздың арасында энергетиктер болса, кәсіби мерекесімен құттықтап қойыңыз!

☑️ 18 желтоқсан – БҰҰ Бас Ассамблеясының қаулысымен араб тілі күні аталып өтеді. Біріккен Ұлттар Ұйымының ресми алты тілінің бірі осы мәртебеге 1973 жылы ие болған еді. Яғни, БҰҰ Бас Ассамблеясының қаулысымен араб тілінің бірі аталмыш ұйымның жұмыс тілінің біріне айналған болатын. Бүгінде араб тілінде шамамен 400 миллионға жуық адам сөйлейді. Әрине, бүкіл әлемдегі мұсылмандар үшін араб тілі-Құран тілі.

 

БҰҰ-да неше ресми тіл бар?

☑️18 желтоқсан – Көшіп-қонушылардың халықаралық күні. 2000 жылдың 4 желтоқсанында БҰҰ Бас Ассамблеясы мигранттардың халықаралық күнін бекітті. Аталмыш мереке жыл сайын 18 желтоқсан күні аталып өтеді. 

Көптеген елдерде мигранттар күні үкіметаралық және үкіметтік емес ұйымдарда адамның құқықтары және мигранттардың негізгі бостандықтары туралы ақпараттарды тарату арқылы, сондай-ақ түрлі акциялар мен көшіп-қонушылардың құқықтары туралы заңдарды түсіндіруге бағытталған семинарларды өткізу арқылы аталып өтеді.

Бұл күннің енгізілуіне жыл сайын әлем бойынша мигранттар санының өсіп келе жатқандығы себеп болды. 

Статистикалық мәліметтерге сенсек, біздің планетамыздағы әрбір отыз бесінші адам мигрант саналады. Олар өз елінен жат жерде өмір сүріп жүр.

Әрбір оныншы мигрант әлі 15 жасқа толмаған. Олардың көпшілігі Еуропа мен Азияда тұрады.

 

Сіз мигранттар мәселесіне қалай қарайсыз?

☑️18 желтоқсан өмірге келген танымал тұлғалар. Бүгін американдық кинорежиссер, продюсер және сценарист – Стивен Спилберг 76 жылдығын атап өтеді. Ол Оскар сыйлығына үш рет, Алтын глобусқа алты рет ие болды. Оның бюджеті 200 миллион доллардан асатын 20 картинасы кассадан 8,4 миллиард доллар жинады. Стивен өзінің мансап жолында 4 миллиард доллар тапты. Сонымен қатар бүгін 59 жылдық мерейтойын американдық актер – Брэд Питт те атап өтеді. Осы уақытқа дейін ол 60-тан астам фильмде ойнады. Танымал актер екі рет Оскар сыйлығының, екі рет Алтын глобустың иегері атанды. Оның есімі бүкіл әлемге белгілі. 

1995 жылы Empire журналы Питті кино тарихындағы ең сексуалды жұлдыздар тізіміне енгізген.

Сізге қай актер ұнайды? Брэд Питт немесе Том Круз?