«Үйде жатпа» күнтізбесі. 19 ақпан: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 18 Ақпан, 2023


☑️ 19 ақпан – Дүниежүзілік кит күні. Бұл экологиялық күн киттерді ғана емес, сонымен қатар ғаламшардың теңіздері мен мұхиттарында өмір сүретін барлық теңіз сүтқоректілерін және басқа да тіршілік иелерін қорғау күні болып келеді. Аталмыш күн 1986 жылы кит аулауға халықаралық комиссия енгізген мораторий күшіне енген кезде белгіленді. Жапонияда кит, балық аулауға тек ғылыми мақсатта рұқсат етілген. Бірақ кит етін жапондық мейрамханалар мен қасапшылардан жиі табуға болатындықтан, экологтар елдің шығарған заңына күмәнмен қарайды. 

Сіз осындай бастамаларды қолдайсыз ба?

☑️ Бүгін сондай-ақ – Халықаралық арқан тарту күні. Бұл күлкілі мереке – олимпиадалық пәндер тізіміне енгізілген өте маңызды спорт түріне арналған. Көптеген мерекелер мен жарыстар өтетін іс-шараларда адамдар әлі күнге дейін командаларға бөлініп, кім күшті екенін білу үшін арқанның ұшын ұстайды. Бір айта кететін жайт, арқанды әртүрлі бағытта тартатын адамдардың қолдану уақыты 4000 жылдан асады. 

Арқан тартысты ұнатасыз ба?

☑️ Бүгін әлемдегі дизайнерлер және қыздар қауымы – Photoshop күнін тойлайды. 1990 жылы 19 ақпан Photoshop-тың 1.0 бірінші ресми нұсқасы шықты. Оны Томас Нолл әзірлеген. “Photoshop керемет дүниені тудырады!” – деген ұранды жиі естіп жүрген боларсыз. Сонымен қатар күлімсіреу, қуаныш, рахат, күлкі тудыратын кескіндерді өңдеуге арналған осы бағдарламаның фантастикалық мүмкіндіктерін көрсететін аталмыш ұран оның нақты мақсаты мен кәсіби мүмкіндіктерінің кең ауқымына зиян келтірмейді. 

 

Сіз рhotoshop-ты жиі қолданасыз ба?

☑️ 19 ақпан дүниеге келген танымал тұлғалар. 102 жыл бұрын ұлттық мемлекеттіктің қалыптасуы мен эволюциясының негізін қалаған қазақ ғалымы – Салық Зиманов (1921-2011) дүниеге келді. Ол 10 томдық «Қазақ құқығының көне әлемі» энциклопедиясын жасау жұмысына жетекшілік етті. Алматы және Атырау облысының Құрметті азаматы атанды. 

Сонымен бірге бүгін Пуэрто-Рикодан шыққан американдық актер – Бенисио Дель Торо 56 жасқа толды. Ол негізінен қылмыстық фильмдермен танымал. Алайда классикалық драмада да тамаша ойнап шықты. Актер «Оскар» және басқа да көптеген беделді марапаттардың иегері. 

 

Сізге Бенисио Дель Тороның қай фильмдері ұнайды?