«Үйде жатпа» күнтізбесі. 19 қаңтар: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 19 Қаңтар, 2023


☑️ 19 қаңтар – барлық тіршілік иелері үшін нәзіктік күні. Нәзіктік – адамдардың бір-біріне және қоршаған әлемге деген ең жарқын қарым-қатынастың бірі. Бұл күннің мақсаты – сүйікті қызыңызға немесе жігітіңізге, ата-анаңызға немесе балаларыңызға ғана емес, айналадағы барлық жаратылысқа нәзіктік көрсету. Біз үй жануарлары, жабайы жануарлар және ғаламшардағы барлық тіршілік иелері туралы айтып отырмыз. Бұл керемет сезімді айналаңыздағы жандарға көрсетуге қымсынбаңыз. 

Осы сәтте айналаңыздағы адамдардың сізге деген ерекше ықыласын аңғаратын боласыз! 

☑️Бүгін тағы бір қызықты күн – жақсы жады естеліктер күні аталып өтеді.  Адамның есте сақтау қабілетін түсінудің алғашқы әрекеттері Аристотельдің «Жан туралы» трактатында кездеседі. Ол адамның ақыл-ойын бос парақпен салыстырған бірінші адам болды және адамдар өздерінің тәжірибелерінің жиынтығы деп дәлелдеді. Бұл күн бізге өткен күндегі барлық әдемі сәттерді еске түсіру және болашаққа дұрыс жоспар құруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ есте сақтауы нашар адамдарға жанашырлық танытуды ұмытпаңыз.

☑️Суықты жақсы көретін жандар бүгін мұздай суға сүңгу күнін атап өтеді. Бұл күн Қазақстанда біздің елге қоныс аударған православиелік халықтардың арқасында пайда болды. Сондай-ақ бүгін Ефифанияны тойлайды. Мұндай су процедураларын қабылдамастан бұрын суық душ қабылдап, денені үйрету керек. Егер сіз әлі де мұздай суға түсемін деп шешім қабылдап отырсаңыз, керемет эмоцияны бастан өткеретініңізге кепілдік береміз.  Сондай-ақ дәрігерлер мұзды суда жүзу иммундық жүйені көтеретінін айтады. Мұндай «стрессті» жағдайдан кейін дене төмен температураға үйреніп, ауруға төзімді болады.

 

Сіз мұздай суға сүңгіп көрдіңіз бе?

☑️19 қаңтар өмірге келген танымал адамдар. 214 жыл бұрын американдық жазушы және ақын – Эдгар По (1809-1849) дүниеге келді. Ол классикалық детектив пен психологиялық прозаның авторы әрі ғылыми фантастиканың қалыптасуы мен дамуына ықпал еткен жан. Жиырма жылдық шығармашылық қызметінде Эдгар По екі роман, екі өлең, бір пьеса, жетпіске жуық әңгіме, елу өлең жазды. Сондай-ақ ол әлемдік даңққа ие болған алғашқы американдық жазушылардың бірі. 

Сонымен қатар бүгін американдық кинорежиссер және продюсер – Антуан Фукуа 58 жасқа толды. Мансап жолының алғашқы қадамдарында  Тони Брэкстон және Принс сияқты танымал суретшілерге арналған бейнеклиптер түсірді. Кейін кинорежиссер болды. «Оскар» сыйлығымен марапатталған «Тренировочный день» фильмінен кейін танымалдылығы артты. Сонымен қатар сіз оның «Падение Олимпа», «Великий уравнитель» және «Освобождение» фильмдерін де білуіңіз керек.

Сіз Эдгар Поның қандай шығармасын оқыдыңыз?