🐸 19 қаңтар — Тіршілік иелері үшін нәзіктік күні. Нәзіктік — адамдардың бір-біріне және қоршаған әлемге деген ең жылы қарым-қатынасы. Бұл күннің мақсаты — сүйікті қызыңызға немесе жігітіңізге, ата-анаңыз бен балаларыңызға, жалпы айналадағы барлық жаратылысқа нәзіктік танытуға шақырады. Мұнда үй жануарлары мен жабайы жануарлар, ғаламшардағы барлық тіршілік иесі қарастырылады. Ендеше өз ішіңіздегі керемет сезімді айналаңызға көрсетуден қымсынбаңыз. Себебі осы сәтте олардың да сізге деген ерекше ықыласын аңғаратын боласыз.
🤩Бүгін тағы бір қызықты күн — жақсы жады күні атап өтеді. Адамның есте сақтау қабілетін түсінудің алғашқы әрекеттері Аристотельдің “Жан туралы” трактатында кездеседі. Әлем ұстазы алғаш рет адамның ақыл-ойын бос парақпен салыстырып, олар өз тәжірибелерінің жиынтығы деп дәлелдеді. Бұл күн өткен күндегі барлық әдемі сәтті еске түсіріп, болашаққа дұрыс жоспар құруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ бүгін есте сақтау қабілеті нашар жандарға жанашырлық танытуды ұмытпаңыз.
🤭Бүгін суықты жақсы көретін жандар мұзға сүңгу күнін атап өтеді. Бұл күн Қазақстанда православиелік халықтардың қоныс аударуы нәтижесінде пайда болды. Сонымен қатар олар бүгін “Шоқыну” күнін де атап өтеді. Дәстүрлі түрде тойлап келе жатқан жандар мұздай суға түспес бұрын салқын душ қабылдап, ден ені үйретуге кеңес береді. Егер сіз мұздай суға түсемін деп шешім қабылдасаңыз, керемет эмоцияны бастан өткересіз. Сондай-ақ дәрігерлер мұзды суда жүзу иммундық жүйені көтеретінін айтады. Мұндай “стрессті” жағдайдан кейін дене төмен температураға үйреніп, кез келген ауруға төзімді болады.
Сіз мұздай суға түсіп көрдіңіз бе?
💫19 қаңтар өмірге келген танымал адамдар. 215 жыл бұрын америкалық жазушы әрі ақын Эдгар По (1809-1849) дүниеге келді. Ол классикалық детектив пен психологиялық прозаның авторы, қала берді ғылыми фантастиканың қалыптасуы мен дамуына ықпал еткен жан. Жиырма жылдық шығармашылық қызметінде Эдгар По екі роман, екі өлең, бір пьеса, жетпіске жуық әңгіме, елуден аса өлең жазды. Ол әлемдік даңққа ие болған алғашқы америкалық жазушылардың бірі. Сонымен қатар бүгін америкалық кинорежиссер және продюсер Антуан Фукуа 58 жасқа толды. Мансап жолының алғашқы кезеңдерінде Тони Брэкстон және Принс сияқты танымал суретшілерге арналған бейнеклиптер түсірді. Кейін кинорежиссер болып қызмет етті. Өнер иесі «Тренировочный день» фильмі үшін «Оскар» сыйлығымен марапатталып, танымалдығы артты. Сонымен қатар оның “Падение Олимпа”, “Великий уравнитель” және “Освобождение” фильмдерін де атап өткен жөн.
Сіз Эдгар Поның қандай шығармасын оқыдыңыз?