«Үйде жатпа» күнтізбесі. 19 қаңтар: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 19 января, 2025


🦁19 қаңтар — Барлық тіршілік иесіне нәзіктік таныту күні. Нәзіктік — адамдардың бір-біріне және қоршаған әлемге деген ең жылы қарым-қатынасы. Бұл күннің мақсаты – нәзіктік пен жылулықты тек сүйіктіңізге, ата-анаңызға немесе балапандарыңызға ғана емес, барша тіршілік иелеріне көрсету. Мұнда үй жануарлары да, жабайы табиғат иелері де, жалпы Жер бетіндегі барлық тіршілік иесі қамтылады. Бұл ғажайып сезімді айналаңызға көрсетуден ұялмаңыз. Себебі сол сәтте-ақ олардың сізге деген қарым-қатынасының қалай өзгеретінін аңғаратын боласыз.

🕺Бүгін белсенді өмір салтын ұнататындар Дүниежүзілік қар күнін атап өтеді. Бұл мереке қысқы спорт түрлерін насихаттауға бағытталған. Сонымен қатар таза ауада серуендеуді әрі салауатты өмір салтын қолдауға арналған. Әсіресе балалар мен жастарды белсенді болуға шақыру – осы күннің басты мақсаты. Мәселен, шаңғы тебу, шанамен сырғанау, коньки тебу – көпшіліктің сүйікті қысқы ойыны. Осы тұста Қазақстанның әсем табиғаты мұндай спорт түрлерімен айналысуға ерекше мүмкіндік береді.

Сізге қай қысқы спорт түрі ұнайды?

🧠Бүгін тағы бір қызықты күн — жақсы жады күні аталып өтеді. Адам жадын түсінуге бағытталған алғашқы талпыныстар Аристотельдің “Жан туралы” трактатында кездеседі. Ол адам санасын таза параққа теңеп, жады — адамның барлық тәжірибесінің жиынтығынан тұратынын айтты. Бұл күн өткен күндегі әдемі сәттерді еске түсіріп, болашаққа дұрыс жоспар құруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ бүгін есте сақтау қабілеті нашар жандарға жанашырлық танытуды ұмытпаңыз.

👥19 қаңтарда өмірге келген танымал ер адамдар. 216 жыл бұрын америкалық жазушы әрі ақын Эдгар По (1809-1849) дүниеге келді. Ол классикалық детектив пен психологиялық прозаның авторы, қала берді ғылыми фантастиканың қалыптасуы мен дамуына ықпал еткен жан. Жиырма жылдық шығармашылық қызметінде Эдгар По екі роман, екі өлең, бір пьеса, жетпіске жуық әңгіме, елуден аса өлең жазды. Ол әлемдік даңққа ие болған алғашқы америкалық жазушылардың бірі атанды. Сонымен қатар бүгін америкалық кинорежиссер және продюсер Антуан Фукуа 60 жас мерейтойын атап өтеді. Мансап жолының алғашқы кезеңдерінде ол Тони Брэкстон және Принс сияқты танымал суретшілерге арналған бейнеклип түсірді. Кейін кинорежиссер болып қызмет етті. Өнер иесі «Тренировочный день» фильмі үшін  «Оскар» сыйлығымен марапатталып, танымалдығы артты. Сонымен қатар оның “Падение Олимпа”, “Великий уравнитель” және “Освобождение” фильмдерін де ерекше атап өткен жөн. 

Сіз Эдгар Поның қандай шығармасын оқыдыңыз?