🥳19 қазан — Қазақстанның құтқарушылар күні аталып өтеді. Бұл өрт сөндіру, су құтқарушылары және азаматтық қорғаныс қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Адамдардың қауіпсіздігі — құтқарушының негізгі ережесі. Бұл азаматтардың айналасында қауіпсіз ортаны құру және қолдау, сондай-ақ адамдарды төтенше жағдайлардан шығаруға өз өмірін арнайды. Дәстүр бойынша бұл күн мерекелік іс-шаралар өткізіліп, еңбегі сіңген қызметкерлерді марапаттау және қызметтік борышын өтеу кезінде қаза болған жолдастардың ескерткіштеріне гүл шоқтарын қою арқылы аталып өтеді.
Құтқару қызметтерінде жұмыс істейтін таныстарыңызды мерекесімен құттықтауды ұмытпаңыз!
😶🌫️1989 жылы 19 қазанда Семей полигонында соңғы ядролық жерасты жарылысы болды. 1949 жылдан 1989 жылға дейін Семей ядролық полигонында кемінде 468 ядролық сынақ жүргізілді. 1949-1963 жылдар аралығында Семей полигонында сыналған ядролық зарядтардың жиынтық қуаты Хиросимаға тасталған атом бомбасының қуатынан 2500 есе асып түсті. Бұл жарылыстар Қазақстан аумағының бүкіл шығыс бөлігінің радиациялық ластануына себеп болды. 1991 жылы Семей ядролық полигоны жабылды.
🦵19 қазан — Дүниежүзілік балалар сүйектері мен буындарын қорғау күні. Бұл күннің мақсаты — балалық шақтағы тірек-қимыл аппаратының жағдайын және сүйектер мен буындардың саулығын сақтау туралы хабардар ету. Бұл туралы бала кезінен бастап, проблемалардың алдын алып дене енді қалыптасып жатқан кезден бастап қамқорлық жасау өте маңызды. Бұған қол жеткізу үшін балалардың белсенді өмір салтын ұстанған жөн. Өйткені олар смартфондар мен компьютерлік ойындарға уақытының көп бөлігін жұмсайды. Сонымен қатар дұрыс тамақтануына да мән берген дұрыс. Мәселен, фаст-фуд өнімдерін тұтынуды азайтыңыз. Өйткені қосылған салмақ буынға түсетін жүктемені бірнеше есе арттырады.
👥19 қазан екі қазақтың туған күні. 99 жыл бұрын Ұлы Отан соғысының офицері және «Халық Қаһарманы» Рахымжан Қошқарбаев (1924-1988) дүниеге келді. 1945 жылы 30 сәуірде ол Берлинге шабуыл кезінде қатардағы жауынгер Григорий Булатовпен бірге Рейхстаг ғимаратының негізгі кіреберіс баспалдағында Жеңіс туын бірінші болып көтерді. Соғыстан кейін ол «Алматы» қонақ үйінің директоры болып жұмыс істеді. Өмір жолында «Жеңіс туы» және «Дауыл» атты екі кітап жазды. 67 жыл бұрын белгілі жазушы драматург және қоғам қайраткері Рахымжан Отарбаев (1956-2018) дүниеге келді. Ол 50-ден астам кітаптың, 20 театр пьесасының және 10 киносценарийдің авторы. Сондай-ақ Ұлттық академиялық кітапхананың, ірі басылымдар мен театрлардың жетекшісі болды. Атырау қаласының Құрметті азаматы.
Рахымжан Отарбаевтың қандай кітабын оқыдыңыз?