💰1995 жылы 19 мамырда Алматыда Банкнот фабрикасы ашылды. Бұл уақытқа дейін теңге Ұлыбританияда басылып келді. Қазір фабрикада банкноттардан бөлек, 100-ден астам түрлі өнім шығарылады: паспорттар, жеке куәліктер, дипломдар, аттестаттар, куәліктер мен акциздік маркалар. Заман талабына сай дамып келе жатқан фабрика іскерлік ортада сенімді беделге ие. Ал теңгенің дизайны мен қорғаныс жүйелері бірнеше мәрте халықаралық марапаттарға ие болды.
Сіздің ойыңызша, қай купюраның дизайны әдемі?
💪Бүгін Түркияда Ататүрікті еске алумен қатар, жастар және спорт күні аталып өтеді. 1919 жылы 19 мамырда Түркияның ұлттық-азаттық қозғалысының көшбасшысы Мустафа Кемал Ататүрік елді шетелдік интервенциядан қорғау үшін халықты жұмылдырып, күресті бастап кетті. Бұл күн Түркияның Тәуелсіздік соғысының басталуы ретінде ресми түрде танылды. Кейін Ататүрік аталған күнді өзінің туған күні деп жариялады. Ал 1938 жылдан бастап “жастар және спорт” күні болып белгіленді. Өйткені ұлт-азаттық қозғалыстың өзегін жастар құрады.
Түріктердің арасында таныстарыңыз болса, мерекесімен құттықтап қойыңыз!
👀Бүгін пазл әуесқойлары Рубик текшесінің пайда болған күнін тойлайды. 1975 жылы 19 мамырда венгр математигі Эрне Рубик осы интеллектуалды ойыншыққа патент алды. Содан бері әлемге әйгілі басқатырғыштың 450 миллионнан астам данасы сатылды. Статистикаға сүйенсек, жер бетіндегі әр үшінші адам өмірінде кем дегенде бір рет Рубик текшесін құрастыруға тырысқан. Ал 2018 жылы Қытайдан шыққан Ду Юшен есімді жасөспірім текшені небәрі 3,47 секундта құрастырған!
Сіз Рубик текшесінің барлық жағын сәйкестендіре алдыңыз ба?
👥19 мамыр — қос танымал әншінің туған күні. Бүгін қазақтың тұңғыш продюссерлерінің бірі Қыдырәлі Болманов 61 жасын атап өтеді. Оның жетекшілігімен елге танылған жобалар қатарында – “АБК” тобы, Рахат Тұрлыханов, Қарақат Әбілдина, “Ұлытау” тобы, “Баңғор” және Нұржан Қалжан бар. Бұлар өз уақытында тыңдарманның ыстық ықыласына бөленді. Қазір Қыдырәлі мырза әкімшілік және кәсіпкерлік салалармен айналысып жүр. Сонымен қатар бүгін британдық әнші әрі композитор Сэм Смит 33 жасқа толды. Ол – “Грэмми” жүлдесінің 4 мәрте иегері. Сонымен қатар “Оскар” әрі өзге де беделді марапаттарды олжалаған.
Қадырәлінің қай жобасын ұнатасыз?