🫢19 маусымда БҰҰ бастамасымен қақтығыс жағдайларындағы жыныстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес күні аталып өтеді. Бұл күні әлемнің әр түкпірінде бейбітшілік орнатумен айналысатын халықаралық ұйымдар мемлекет басшылары мен жаһандық қауымдастыққа үндеу жолдап, кез келген зорлық әрекетіне тосқауыл қоюға және қақтығыс аймағында зардап шеккендерге қолдау көрсетуге шақырады. Бүгінгі геосаяси ахуал бұл мәселенің өзектілігін тағы да айқындай түсті.
Сіз осындай бастамаларды қолдайсыз ба?
🔥19 маусым — Дүниежүзілік балалар футболы күні. Футбол — әлемдегі ең қолжетімді спорт түрлерінің бірі. Ол миллиондаған баланың бос уақытын пайдалы өткізуге мүмкіндік береді. Бұл ойын физикалық дайындықты ғана емес, сонымен бірге ұйымшылдықты, достықты, мақсатқа ұмтылуды, ептілік пен зейінді болуды үйретеді. Сонымен қатар табандылық пен алғырлыққа, ептілікке, жинақылыққа тәрбиелейді. Футбол — ережеге құрылған ойын. Ол баланы сол ережені сақтауға, әрі өмірде де тәртіп пен тәртіпке бағынудың маңызын түсінуге баулиды.
Қалай ойлайсыз, Қазақстанда әлемдік деңгейдегі футболшылар қашан шығады?
🔥2018 жылдың 19 маусымында Шымкент республикалық маңызы бар қала атанып, Түркістан облысының әкімшілік орталығы Түркістан қаласына көшірілді. Облыс атауы да өзгертіліп, Түркістан облысы деп аталды. Жоспар бойынша бұл тарихи қадам өңірге жаңа мүмкіндіктер ашуы тиіс еді. Ал Түркістан өлкесі түркі әлемінің рухани-мәдени астанасының бейнесі болды. Өйткені бұл аймақ өзінің ежелгі тарихымен, қайталанбас табиғатымен және мәдени нысандарымен ерекшеленеді. Өңірдегі туристік әлеуетті дамыту үшін мәдени-тарихи орталықтар, театрлар, мейрамханалар, аквапарктер, ойын-сауық орталықтары, қонақүйлер және басқа да нысандар жылдам салынды.
Шымкент пен Түркістан облысындағы оқырмандарымызға бір сұрақ қойғымыз келеді: осы оқиғадан кейін қарапайым адамдардың өмірі қалай өзгерді? Пікірге жаза кетіңіздер.
👀19 маусым — қос тұлғаның туған күні. 141 жыл бұрын Қазақстанның халық ақыны, Жамбылдың шәкірті Кенен Әзірбаев (1884-1976) дүниеге келді. Ол бүкіл қазақ жерін шарпыған 1916 жылы халық көтерілісіне белсене қатысты. Кенен Әзірбаевтың 200-ден астам толғауы жеке жинақ болып жарыққа шықты. Мұнда ол қарапайым еңбек адамдарының өмірін жырлады. Сонымен қатар бүгін америкалық актриса әрі биші Зои Салдана 47 жасқа толды. Ол күрделі макияжды қажет ететін рөлдерді өте шебер сомдап шығады. Осы тұста көпшілік оны “Галактика сақшылары” фильмінде Гамора кейіпкері ретінде таныса, ал “Аватар” туындысында Нейтири ретінде біледі.
Сізге қай фильм ұнайды: Галактика сақшылары немесе Аватар?