«Үйде жатпа» күнтізбесі. 19 сәуір: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 19 апреля, 2025


🏛1735 жылы 19 сәуірде Орынбор қаласының негізі қаланды. Қазір қала Ресейдің бір бөлігі болғанымен, біздің халқымыз үшін бұл қаланың тарихи маңызы зор. Мұнда 1913 жылы тұңғыш “Қазақ” газеті басылып шығарылды. Сонымен қатар 1917 жылы бірінші және екінші жалпықазақ съезі өтіп, нәтижесінде Қазақ ұлт-азаттық “Алаш” партиясы құрылып, Алаш Орда республикасы жарияланды. 1920-1925 жылдары Орынбор Қазақстанның астанасы болды. 1925 жылы Кеңес өкіметінің шешімімен Орынбор мен оның облысы Ресейге өтіп, астана Қызылорда қаласына көшірілді.

Тағы қай қала Қазақстанның астанасы болды?


📖1928жылы 19 сәуірде ағылшын тіліндегі алғашқы Оксфорд сөздігі басылып шықты. Аталмыш сөздіктің бірінші басылымында 500 мыңға жуық сөз және 5 мыңнан астам автордың 20 мыңға жуық шығармасынан 2 млн-ға жуық дәйексөз болды. Оксфорд – халықаралық дәрежедегі ағылшын тіліндегі ең танымал әрі ең ірі академиялық сөздіктерінің бірі. Бүгінде ағылшын тілі 54 елдің ресми тілі болып есептеледі. Бұл тілде шамамен 1,5 миллиард адам сөйлейді. Өткен жылдың соңында Oxford Qazaq Dictionary алғашқы қазақ-ағылшын сөздігі жарыққа шыққанын атап өткен жөн. Осылайша, қазақ тілі әлемнің 100 маңызды әрі базалық тілдерінің сөздік құрамын біріктіретін жалпы жаһандық тілдік корпусқа енді.

👀Сәуір айының үшінші сенбісінде көңілді мереке — Дүниежүзілік цирк күні аталып өтеді. Цирк — адамзат тарихындағы ең көне өнер түрлерінің бірі саналады. Себебі акробаттар, жонглёрлар, ат үстінде өнер көрсететіндер мен сайқымазақтар жайлы деректер Ежелгі Дүние дәуірінен бастау алады. Алайда қазіргі заманғы цирктің негізі XVIII ғасырдың соңында қаланды. Оның негізін қалаушы — ағылшын шабандозы Филип Астлей саналады. Ол тәжірибе арқылы аттар үшін ең қолайлы шеңбер диаметрі — 13 метр екенін анықтаған. Бұл өлшем жылқыларға толық шабыс кезінде оңай қозғалып, трюктер жасауға мүмкіндік береді. Бүгінде әлемдегі цирктердің көпшілігінде арена дәл осы өлшеммен жасалады.

Сізге қазақ цирк өнерпаздарының қайсысы ұнайды?

👥19 сәуір — қос тұлғаның туған күні. Бүгін пианист, ұстаз, Қазақстанның халық әртісі Жәния Әубәкірова 68 жасқа толды. Ол 20 жылға жуық Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры қызметін атқарды. Өнер иесінің бастамасымен “Классика” музыкалық агенттігі құрылды. Сонымен қатар ол бірнеше халықаралық жобаны жүзеге асырды. Соның ішінде Францияда өткен “Kazakh Seasons” фестивалін, 18-ден астам елде ұйымдастырған концерттерін, 30-дан астам жарыққа шығарған компакт-дискілері мен Қазақстанның өнер иелері туралы түсірген 20-дан астам музыкалық фильмдерін атап өтуге болады. Мансап жолында ол 30-дан астам фильмге түсті. Ал сән журналдары әртісті бірнеше мәрте әлемдегі ең әдемі әйел деп атады. 

Сізге Кейт Хадсонның қандай фильмдері ұнайды?