«Үйде жатпа» күнтізбесі. 19 шілде: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 19 июля, 2023


🥳19 шілде — Мұсылмандардың жаңа жылы. Хижри жаңа жылы Мухаррам айының бірінші күніне келеді. Ислам күнтізбесі 11-12 күнге қысқа. Өйткені мұсылман жылы ай күнтізбесіне негізделсе, қалғаны күн күнтізбесі бойынша өмір сүреді. Аталмыш күн мереке болып есептелмейді. Бірақ 622 жылы Мұхаммед пайғамбардың және алғашқы мұсылмандардың Меккеден Мәдинаға қоныс аударуының басталуы мен хижра туралы мешіттерде уағыздар оқылады. Ислам күнтізбесі Сауд Арабиясында 2016 жылға дейін ресми күнтізбе ретінде қолданылды. 

🤩Біздің заманымызға дейінгі 4241 жылдың 19 шілдесі — ежелгі Египет күнтізбесінің басталуы. Бұл адамзат білетін алғашқы сенімді күн. Ніл алқабында жасалған күнтізбе мысырлық өркениетпен бірге шамамен 4 мың жыл бойы өмір сүрді. Күнтізбенің шығу тегі тропиктік белдеудегі жарық жұлдыз Сириуспен байланысты. Жылдың бірінші күні 19 шілдеде ел астанасы Мемфисте таңның көтерілген күні болып саналды. 

🤝19 шілде әлемнің көптеген елінде Жаңа достар күні аталып өтеді. Мереке философ және гуманист Антуан де Сент-Экзюпери айтқан «адами қарым-қатынастың сән-салтанатына» назар аударуға шақырады. Сонымен қатар адамдарды танысуға және олардың әлеуметтік шеңберін кеңейтуге де негізделген. Уақыт өте келе жаңадан пайда болған достар қиын уақытта қолдау көрсетіп, көмек қолын созатын нағыз достарға айнала алады. Олармен бірге өмірге жаңа тәжірибелер, идеялар мен хоббилер енеді.

👥19 шілде — екі атақты адамның туған күні. Бүгін британдық театр және кино актері Бенедикт Камбербэтч 47 жасқа толды. Көптеген беделді марапаттардың иегері мансап жолында 60-тан астам фильмге түсті. 2018 жылы ол Лондон музыкалық және драмалық өнер академиясының президенті болып тағайындалды. Сонымен қатар бүгін қазақстандық актер, тележүргізуші әрі продюсер Нұрлан Қоянбаев 44 жасқа толды. Өнер иесі «Astana.kz» және «Қазақтар» КВН командаларының капитаны болған. 2003 жылы Қазақстанның ең үздік КВН-шісі және 2006 жылы Ресейдің ең үздік КВН ойыншысы болып танылды. «Республика» партиясының тең төрағасы «Қазтелепродукт» кинокомпанияларын құрды және Президенттік телерадиокешеннің креативті директоры қызметін атқарады.

 

Сізге Бенедикт Камбербэтчтің қай фильмі ұнайды?