«Үйде жатпа» күнтізбесі. 19 шілде: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 19 июля, 2024


👥19 шілде әлемнің көптеген елінде “Жаңа достар күні” аталып өтеді. Мереке философ және гуманист Антуан де Сент-Экзюпери айтқан «адами қарым-қатынастың сән-салтанатына» назар аударуға шақырады. Сонымен қатар адамдарды танысуға және олардың әлеуметтік шеңберін кеңейтуге де негізделген. Уақыт өте келе жаңадан пайда болған достар қиын уақытта қолдау көрсетіп, көмек қолын созатын нағыз достарға айналып кетуі бек мүмкін. Олармен бірге өміріңізге жаңа тәжірибелер, идеялар мен хоббилер енеді. 

 

 

✔️Біздің заманымызға дейінгі 4241 жылдың 19 шілдесінде ежелгі Египет күнтізбесі бастау алды. Бұл — адамзатқа аян алғашқы сенімді күн. Ніл алқабында жасалған күнтізбе мысырлық өркениетпен бірге шамамен 4 мың жыл бойы өмір сүрді. Күнтізбенің шығу тегі тропиктік белдеудегі жарық жұлдыз Сириуспен байланысты. Жылдың бірінші күні 19 шілдеде ел астанасы Мемфисте таңның көтерілген күні болып саналды. 

👍1900 жылы 19 шілдеде Париж метросы іске қосылды. Еуропадағы ең көне метролардың бірі (Лондон, Будапешт және Глазгодан кейін төртінші орында) Дүниежүзілік көрме үшін ашылды. “Метрополитен” және “метро” сөздері Париж метросының, сондай-ақ станциялардың “M” әрпімен белгіленуі арқасында бүкіл әлемге кең тарады. “Метрополитен” француз тілінен аударғанда “темір жол” дегенді білдіреді. Қазақстанда 2011 жылы ашылған алғашқы және жалғыз метро Алматыда жұмыс істейді.

 

Метроны қаншалықты ыңғайлы көлік деп санайсыз?

👥19 шілде — атақты екі адамның туған күні. Бүгін британдық театр және кино актері Бенедикт Камбербэтч 48 жасқа толды. Көптеген беделді марапаттардың иегері мансап жолында 60-тан астам фильмге түсті. 2018 жылы ол Лондон музыкалық және драмалық өнер академиясының президенті болып тағайындалды. Сонымен қатар бүгін қазақстандық актер, тележүргізуші әрі продюсер Нұрлан Қоянбаев 45 жас мерейтойын атап өтеді. Өнер иесі “Astana.kz” және “Қазақтар” КВН командасының капитаны болған. 2003 жылы Қазақстанның ең үздік КВН-шісі және 2006 жылы Ресейдің ең үздік КВН ойыншысы атанған болатын. “Respublica” партиясының тең төрағасы және “Қазтелепродукт” кинокомпаниясының негізін қалаушысы биыл Түркістан облысы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды.

 

Сізге Бенедикт Камбербэтчтің қай фильмі ұнайды?