«Үйде жатпа» күнтізбесі. 19 тамыз: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 19 августа, 2023


🎓19 тамыз Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен Дүниежүзілік гуманитарлық көмек күні аталып өтеді. Жыл сайын дүние жүзінде ондаған қарулы қақтығыстар болып тұрады. Табиғи апаттар адамдарды баспанасыз қалдыруда. Осы тұста дүниежүзіндегі еріктілер адамдарды әртүрлі қиын және травматикалық жағдайлардан құтқару үшін арнайы шаралар ұйымдастырады. Көмек материалдық және психологиялық болуы мүмкін.

 

Сіз осындай бастамаларды қолдайсыз ба? 

👨‍👩‍👧‍👦19 тамыз — Дүниежүзілік фотосурет күні. 1839 жылы француз өнертапқышы Луи Дагер кадрды металл пластиналарға ауыстыру әдісін ойлап тапты. Алғашқы фотосуреттер ақ-қара түсті болды. Ал кейбір фотографтар оларды шынайы әлемге ұқсату үшін қолмен бояды. Бүгінде адамдар смартфонда үлкен альбомды сақтай алады. Әлеуметтік желілерге жүктелетін фотосурет арқылы әр тұлға ішкі әлемін, ойын еркін түрде көрсете алады. 

Сізге қай процесс ұнайды: суретке түсіру немесе суретке түсу?

🐈‍⬛Тамыздың әр үшінші сенбісінде Дүниежүзілік қаңғыбас жануарларды қорғау күні аталып өтеді. Бүгінгі таңда үйсіз жүрген жануарлар мәселесі әр елде өзекті тақырыпқа айналды. Қазақстанда иттердің адамдарға шабуылы жыл сайын артып келеді. Президент Тоқаев бұл мәселе жергілікті биліктің аталмыш жағдайға дұрыс көңіл бөлмеуінен екенін атап өтті. Сол себепті қоғамда қаңғыбас жануарларды ату керек пе, әлде бұл мәселені шешудің гуманистік жолдарын іздеу керек пе деген пікірталас қызу жүріп жатыр.

👥19 тамыз — танымал екі адамның туған күні. 140 жыл бұрын сәнге айтарлықтай әсер еткен Chanel сән үйінің негізін қалаушы Коко Шанель (1883-1971) дүниеге келді. Ол әйелдер сән әлеміне тігілген күрте мен кішкене қара көйлекті енгізді. Шанель Time журналында жарық көрген ХХ ғасырдың ең ықпалды 100 адамы тізіміне енген сән әлемінен жалғыз адам болды. Сонымен қатар бүгін ең үлкен шөлдерді жүгіріп өткен әлемдегі жалғыз адам, супермарафоншы Марат Жыланбаев 60 жасқа толды. Қазақстанның Құрметті азаматы – халықаралық байқаулардың жеңімпазы және жүлдегері. Ол Гиннестің рекордтар кітабына еніп, марафон бойынша жүгіруден 7 әлемдік рекорд орнатты. 

 

Марат туралы ақпаратты бейнежазбамыздан міндетті түрде тамашалаңыз👇