🌝19 тамыз Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен Дүниежүзілік гуманитарлық көмек күні аталып өтеді. Жыл сайын дүниежүзінде ондаған қарулы қақтығыстар болып тұрады. Табиғи апаттар адамдарды баспанасыз қалдыруда. Осы тұста дүниежүзіндегі еріктілер адамдарды әртүрлі қиын және травматикалық жағдайлардан құтқару үшін арнайы шаралар ұйымдастырады. Көмек материалдық және психологиялық түрде көрсетілуі мүмкін.
Сіз осындай бастамаларды қолдайсыз ба?
📲19 тамыз — Дүниежүзілік фотосурет күні. 1839 жылы француз өнертапқышы Луи Дагер кадрды металл пластиналарға ауыстыру әдісін ойлап тапты. Алғашқы фотосуреттер ақ-қара түсті болды. Ал кейбір фотографтар оларды шынайы әлемге ұқсату үшін қолмен бояды. Бүгінде адамдар смартфонда ауқымды альбомды сақтай алады. Әлеуметтік желілерге жүктелетін фотосурет арқылы әр тұлғаның ішкі әлемі мен ойын еркін түрде көрсетуге мүмкіндігі бар.
Сізге қай процесс ұнайды: суретке түсіру немесе суретке түсу?
🌸2017 жылдың 19 тамызынан бастап жыл сайын Халықаралық бант күні тойланады. Бұл сәнді аксессуар мың жылдан астам уақыттан бері құндылығын жоғалтпай келеді. Бұл — нәзіктік пен талғампаздықтың, кербездік пен әдеміліктің символы. Сонымен қатар сыртқы көріністе ерекше шығармашылықты бейнелейді. Банттар сән әлемінде, өнерде және сыйлық сыйлау кезінде де қолданылады. Балалар киіміндегі кішкентай және мерекелік сыйлықтардағы үлкен әрі сәнді банттар әрқашан көпшіліктің назарын аударады.
Сізде бант бар ма? :)
👥19 тамыз — танымал екі адамның туған күні. 141 жыл бұрын сән әлемінің дамуына айтарлықтай әсер еткен Chanel сән үйінің негізін қалаушы Коко Шанель (1883-1971) дүниеге келді. Ол әйелдер сән әлеміне тігілген күрте мен кішкене қара көйлекті енгізді. Шанель Time журналында жарық көрген “ХХ ғасырдың ең ықпалды 100 адамы” тізіміне енген сән әлемінен жалғыз адам болды. Сонымен қатар бүгін әлемдегі ең үлкен шөлдерді жүгіріп өткен жалғыз адам, супермарафоншы Марат Жыланбаев 61 жасқа толды. Қазақстанның Құрметті азаматы – халықаралық байқаулардың жеңімпазы және жүлдегері. Ол Гиннестің рекордтар кітабына еніп, марафон бойынша жүгіруден 7 әлемдік рекорд орнатты.