👀Бүгін Қазақстан интернетіне 30 жыл толды. 1994 жылы 19 қыркүйекте KZ жоғарғы деңгейдегі ұлттық домені тіркеліп, «ҚазАқпарат» алғашқы IP-арнаны 28.8 кбпс жылдамдықпен ұйымдастырды. Бүгінгі таңда Қазақстан Speedtest Global Index әлемдік рейтингіне сәйкес 179 елдің арасында мобильді интернет жылдамдығы бойынша 54-ші орынға жайғасса, қолжетімділігі бойынша 94-ші орында. Бұл ретте Қазақстандағы мобильді интернеттің құны әлемдегі ең төмен бағалардың бірі екенін де айта кеткен жөн.
Сіздің Қазақстандағы интернет сапасына көңіліңіз тола ма?
✍️1957 жылы 19 қыркүйекте Алматы облысы Жамбыл ауданы Таңбалы шатқалында жартасқа салынған суреттер галереясы ашылды. Археологтар петроглифтерді кездейсоқ тапты. Бірақ бұл жаңалықтың бәріміз үшін маңыздылығы жоғары болды. Осылайша, Қазақстан аумағындағы ең көне адам тұрақтарының бірі ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік Мәдени мұра тізіміне енді. Қазір Танбалы шатқалы – ашық аспан астындағы жартас өнерінің мұражайы, ежелгі көшпенділер ғибадатханасы. Мұнда қола дәуірінен бастап әр дәуірдің шынайы жауһарларын тамашалауға болады.
Егер арамызда Таңбалыға ат басын тіреген жандар болса, комментарийге өз әсерлеріңізбен бөлісе кетіңіздер.
😍Бүгін — смайликтердің пайда болған күні. Кез келген танымал символ сияқты күлімсіреген “жанды” кейіпкердің де өз тарихы бар. Смайликтер алғаш рет 1982 жылы 19 қыркүйекте Карнеги Меллон университетінде пайда болды. Оны Скотт Фалман ойлап тапты. Қазіргі уақытта смайликтер әңгімелесушіні жақсырақ түсінуге және оның көңіл күйін сезінуге көмектеседі. Өйткені олар жай ғана күлкілі және жағымды эмоцияларды тудырады. Олардың саны күннен күнге артып келеді.
Сіз жазбаларыңызда смайликтерді жиі қолданасыз ба?
👥19 қыркүйек екі танымал адамның туған күні. 119 жыл бұрын қазақ әдебиетінің дамуына елеулі үлес қосқан ақын және жазушы Асқар Тоқмағамбетов (1905-1983) дүниеге келді. 80-нен астам кітаптың авторы кино және драматургия саласында да белсенді жұмыс істеді. Оның сценарийі бойынша Сұлтан Қожықов «Бәріміз де сондай болсақ» фильмін түсірді. Ал оның пьесалары бойынша театрларда “Арма азабы”, “Тоқсан толғау» спектакльдері қойылды. Өнер иесі — Қызылорданың Құрметті азаматы. Сондай-ақ бүгін Барби қуыршағының прототипіне айналған әлемдегі алғашқы супермодель Лесли Лоусон 75 жасқа толды. Ол Твигги лақап атымен танымал. Бұл ағылшын тілінен жіңішке деген мағынаны білдіреді. Осылайша дүниежүзіндегі миллиондаған қыз салмақ тастауға үйір болып («Твигги синдромы»), үлкен көзді модельдің макияжын және әдеттен тыс қысқа шаш үлгісін көшіруге тырысты. Ол 1960 жылдардың ерекше символына айналды.
Сізге «Барби» фильмі ұнады ма?