«Үйде жатпа» күнтізбесі. 19 желтоқсан: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 19 декабря, 2022


☑️Бүгін Кедейлерге көмек көрсетудің халықаралық күні аталып өтеді. 

Кедейшілік ақшаның жоқтығын ғана емес, сондай-ақ лайықты жұмыстың, баспананың, жақсы білім мен денсаулыққа қолжетімдіктің болмауын білдіреді.

Халықаралық сарапшылардың мәліметінше, әлем бойынша бір жарым миллиард адам кедейшілікте өмір сүреді. Осыған байланысты 1987 жылы  БҰҰ кедейлікті жоюды мақсат ететін осы мерекені ресми түрде бекітті.

1999-2007 жылдар аралығында жер бетінде 300 миллионнан астам адам кедейліктен қайтыс болды. Дүниежүзілік банктің соңғы бағалауы бойынша Қазақстандағы кедей халықтың үлесі 15% -ды құрайды.  Елімізде кедейлік шегі әлемдегі ең төмен шектердің бірі. Яғни, Нигерия, Ангола, Венесуэла және Габон мемлекеттерімен бірдей. Ал Қазақстанда кедейліктің ең жоғары деңгейі Түркістан облысында тіркелген. Кедейлік адамзаттың басты проблемасы болып қала береді. 

 

Сіз кедейлерге көмектесуге тырысасыз ба?

☑️1931 жылы 19 желтоқсанда атақты КарЛАГ құрылды.  

Лагерьдің орталығы Қарағанды қаласынан 45 шақырым жердегі Долинка ауылы болды. Оған 120 000 гектар егістікке жарамды жер, 41 мың гектар шабындық жер бөлініп берілді. Карлаг аумағы солтүстіктен оңтүстікке дейінгі 300 шақырым, шығыстан батысқа дейінгі 200 шақырым жерді алып жатты. Оған қоса осы аумақтан сыртқары лагерьден 350 шақырым жерде Ақмола және 650 шақырым жерде Балқаш бөлімшелері құрылды. Карлагты құрудағы басты мақсаттардың бірі – сол кезде қарқыныды дами бастаған Орталық Қазақстандағы көмір бассейніне, Жезқазған және Балқаш мыс қорыту комбинаттарына аса ірі азық-түлік базасын жасау болды. Оған осы өнеркәсіп салаларын құрып, дамытуға жұмыс күші де қажет болатын.

☑️10 жыл бұрын АҚШ-тың Хьюстон қаласынба тұңғыш қазақ мектебі ашылды. Бұл мектепте екі жас тобына бөлінген 20-ға жуық оқушы оқиды. Мысалы, 3-6 жастағы балалар «Балапан» тобында, ал 7-12 жастағы балалар «Тұлпар»тобында білім алады. Олар мектеп қабырғасында ана тілін үйреніп, қазақ халқының тарихын танып, зерттейді. Сонымен қатар, оқушылар домбыра тартып, салт-дәстүрлерімізді де санасына сіңіреді.

 

☑️19 желтоқсан өмірге келген белгілі өнер адамдары. Бүгін неміс актері әрі  кинорежиссері — Тиль Швайгер 59 жылдығын атап өтеді. Көптеген адам оны «Гонщик», «Бесславные ублюдки», «Король Артур» фильмдеріндегі рөлдерінен біледі. Тиль режиссер ретінде де танымал. Оның әйгілі картиналары «Босиком по мостовой», «Красавчик», «Красавчик 2» сияқты танымал фильмдер. Сонымен бірге бүгін американдық актер — Джейк Джилленхол 42 жасқа толды. Мансап жолында ол 40-тан астам фильмдерде ойнады. Оған «Послезавтра», «Принц Персии: Пески времени», «Человек-паук: Вдали от дома» фильмдеріндегі басты рөлдері танымалдылық әкелді. 

Сізге қай актер ұнайды? Тиль Швайгер немесе Джейк Джилленхол?