🌚1913 жылдың 2 ақпанынан бастап Орынборда А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов және М.Дулатов негізін қалаған «Қазақ» апталық газеті шыға бастады. Газет ұлт-азаттық қозғалыстың мақсат-міндеттерін жеткізуші болды. Мұнда қазақ халқының құқықтық және саяси анықтауына мүмкіндік беретін жалпыұлттық саяси партияның теориялық негізі жасалды. Сонымен қатар газетте қазақ студенттеріне көмек беретін қайырымдылық қоры болды. 1918 жылы Кеңес үкіметінің шешімімен газет жабылды.
Ал сіз қандай қазақ ақпарат құралдарын оқисыз?
⭐️2 ақпанда көпшілік “жаңару күнін” атап өтеді. Ғалымдардың пікірінше, адамның жасы ұлғайған сайын оның ішкі өзгерістерге деген бейімділігі де азаяды. Бұл әдет немесе мінезге ғана емес, сонымен қатар жаңа тәжірибелерге де қатысты айтылған. Сондықтан аталған күні ерекше шешімдер қабылдап, үйреншікті шеңберден шығып, жаңа тәжірибе жасап көруге рұқсат берілген. Өз қалауыңызды ойша бейнелеп, тың өзгерістерге қадам басу – санаңызға серпіліс сыйлап, ішкі жаңару үдерісін жеделдетеді. Ішкі даусыңызға құлақ түріп, кейінге қалдыруға болмайтын маңызды мәселелерді шешуге ұмтылыңыз.
Есіңізде болсын, тұлғалық даму – табысқа жетудің ажырамас бөлігі.
🦮2 ақпанда жануарларды жақсы көретін жандар Халықаралық шана иттері күнін атап өтеді. Бұл — Аляска маламуттары, хаскилер, лайкалар және басқа да шана иттерінің мерекесі. Олар ежелгі уақыттан бері Солтүстік мекеннің тұрғындарының ауыр қызметтерін атқарып келеді. Мәселен, адамдар мен жүктерді тасымалдаумен айналысты. Бүгінде заманауи техниканың күші жетпейтін қатал табиғи климаттық жағдайда да бұл иттер адамдарға адал қызмет етуін жалғастырып келеді.
Сізге қандай ит тұқымы ұнайды?
👥2 ақпан — қос тұлғаның туған күні. 85 жыл бұрын Қазақстанның Халық жазушысы әрі фольклорлық мұраны зерттеуші Мұхтар Мағауин (1940-2025) өмірге келді. 1997 жылы Қазақ әдебиетінің шебері түркі әлемінің үздік жазушысы болып танылды. Осылайша Түркия өнер қайраткерлері мен жазушылары қорының беделді «Түркі әлеміне сіңірген еңбегі үшін» халықаралық сыйлығының лауреаты атанды. Аталмыш сыйлықты президент Сүлейман Демирель өзі табыс еткен. 2002 жылы оның шығармаларының 13 томдық жинағы жарық көрді. Олардың көпшілігі шет тілдеріне аударылды. Сонымен қатар бүгін колумбиялық әнші, композитор, биші, музыкалық продюсер, хореограф және модель Шакира 48 жасқа толды. Әншінің есімі араб тілінен аударғанда «ризашылық», ал хинди тілінде «жарық құдайы» деген мағынаны білдіреді. Әлемге әйгілі латын әртісі «Грэмми» сыйлығын екі мәрте және басқа да көптеген беделді марапаттарды иеленді. Оның «YouTube» роликтері бірнеше миллиард қаралымға ие.
Сізге Шакираның қай әні ұнайды?