«Үйде жатпа» күнтізбесі. 2 ақпан: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 02 Ақпан, 2023


☑️ Бүгін көпшілік – жаңару күнін атап өтеді. Ғалымдар адамның жасы ұлғайған сайын оның ішкі өзгерістерге бейімділігі азаяды дегенді алға тартады. Бұл әдет немесе мінез туралы ғана емес, сонымен қатар жаңа тәжірибелер жайлы да айтылып тұр. Аталмыш күні батыл және әдеттен тыс мінез-құлық, жаңа тәжірибе алу және қалаған нәрсені жасап көруге рұқсат берілген. Өмір салтының өзгеруі – адамдар мен оқиғалардың әрекетіне жаңа серпін береді. Осылайша өзін-өзі қалыпқа  келтіру процесін бастайды. Ішкі дауысыңызды тыңдаңыз және шұғыл мәселелерді шешуді кейінге қалдырмаңыз.

Жеке өсу табыстың ажырамас бөлігі екенін есте сақтаңыз. 

☑️ 2 ақпан – жануарларды сүйетіндер шана иттері күнін атап өтеді. Бұл ежелгі уақыттан бері солтүстік тұрғындарына адамдар мен жүктерді тасымалдауды көмектесіп келе жатқан Аляска маламуттары, хаскилер, лайкалар және басқа да шана иттерінің халықаралық мерекесі. Олар бүгінгі күні де заманауи техниканың күші жоқ қатал табиғи климаттық жағдайларда адамға адал қызмет етуді жалғастыруда.

Сізге қандай ит тұқымы ұнайды? 

☑️ Бүгін АҚШ пен Канадада – суырлар күні аталып өтеді. Ежелден келе жатқан аңыз бойынша оянған суырлар ауа райын болжай алады. Егер тесіктен шығып, жануар өз көлеңкесін көрсе, онда қыс тағы 6 аптаға созылады. Ал керісінше көлеңкесі болмаса, алда көктем келе жатқанын білдіреді. 19 ғасырдан бастап бұл оқиғаға ресми тұлғалар мен туристердің қатысуымен бүкіл рәсім арналды. Ал «Groundhog Day» сенсациялық фильмі шыққаннан кейін аталмыш мереке бүкіл әлемге белгілі болды.

Сіз осыған ұқсас жорамалдарға сенесіз бе? 

☑️2 ақпан өмірге келген танымал тұлғалар. Бүгін Қазақстанның Халық жазушысы әрі фольклорлық мұраны зерттеуші – Мұхтар Мағауин 83 жасқа толды. 1997 жылы Қазақ әдебиетінің шебері түркі әлемінің үздік жазушысы болып танылып, президент Сүлейман Демирель өзі табыс еткен Түркия өнер қайраткерлері мен жазушылары Қорының «Түркі әлеміне сіңірген еңбегі үшін» беделді халықаралық сыйлығының лауреаты атанды. 2002 жылы оның шығармаларының 13 томдық жинағы жарық көрді. Олардың көпшілігі шет тілдеріне аударылды. 

Сонымен қатар бүгін колумбиялық әнші, ән жазушы, биші, музыкалық продюсер, хореограф және модель – Шакира 46 жылдығын атап өтеді. Әншінің аты араб тілінен аударғанда «ризашылық», ал хинди тілінде «жарық құдайы» дегенді білдіреді. Табысты латын әртісі «Грэмми» сыйлығын екі мәрте және басқа да көптеген беделді марапаттардың иегері атанды. Оның «YouTube» роликтері бірнеше миллиард қаралымға ие.

 

Сізге Шакираның қай әні ұнайды?