👀2 қаңтар — Халықаралық мотивация және шабыт күні. Жыл басы — жыл бойына мотивация іздеудің ең тиімді уақыты. Мотивация менталитет пен мәдени ерекшеліктерге қарамастан, қалаған нәрсеге қол жеткізуге әрі барлық істі логикалық тұрғыдан аяқтауға көмектеседі. Сонымен қатар мотивация болмаса, шығармашылықпен немесе сүйікті ісіңізбен айналысуға ниет те болмайды. Бұл жаңа нәрселерді үйренуге серпін беріп, адамдарды үлкен істер атқаруға шабыттандырады.
🌚2 қаңтар қиялға ерік беретін жандар халықаралық ғылыми фантастика күнін атап өтеді. Бұл әдеби жанр Жюль Верн, Герберт Уэллс, Рэй Брэдбери, Исаак Асимов, Александр Беляев, Медеу Сәрсекеев және тағы басқалары сияқты көрнекті жазушылардың арқасында пайда болды. Бір қызығы олардың шығармасындағы идеяның басым бөлігі өмірде шындыққа айналып үлгерді. Бүгінде кітап оқу көпшіліктің сүйікті ісі болмаса да, фантаст жазушылардың көптеген шығармасының негізінде фильмдер түсірілуде.
Сізге фантастика жанры ұнай ма?
💫2 қаңтар — Халықаралық интроверттер күні. Танымал интроверттерге Альберт Эйнштейн, Исаак Ньютон, Джонни Депп және Киану Ривз жатады. Психология негіздеріне сәйкес, экстраверттер үнемі жұрттың назарында жүреді. Ал интроверттер табиғатынан салмақты болып келеді. Психологтар интроверттерді қоғамды үйлесімділікте ұстайтын әрі экстраверттермен бірге тепе-теңдік құрайтын өзіндік дүниетанымдық ерекшеліктері бар ғажайып адамдар екенін айтады. Әрқайсымыз — бірегейміз. Яғни, сіздің қандай психологиялық тұлға түріне жататыныңыз маңызды емес. Ең бастысы — адам болып қалу.
Оқырмандарымыздың арасында интроверттер болса, сіздерді осы мерекемен құттықтаймыз!
👥2 қаңтар өмірге келген қазақтың танымал тұлғалары. 84 жыл бұрын композитор, Қазақстанның халық әртісі Мансұр Сағатов (1939-2002) дүниеге келді. Ол «Мерген» симфониялық күйінің, «Мемориал» симфониялық сюитасының, «Диалоги» поэмасының, «Ақын толғауы», «Достық елі» кантатының, «Әлия» балетінің, «Туған ел», «Алматым менің», «Бақыт құсы», «Той кеші», «Мені ізде», “Кел биле”, “Кешегі арман — он жеті” танымал әндері мен романстарының авторы. Оның лайықты мұрагері бар. Нақтырақ айтсақ, Мансұр Сағатов әйгілі әнші Айдос Сағатовтың әкесі. Сондай — ақ бүгін фантаст-жазушы, драматург, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Медеу Сәрсекеев 88 жасын атап өтеді. Ол «Ғажайып сәуле» фантастикалық повесінің, «Жетінші толқын», «От және атом», «Айшықты мезет» повестерінің, «Туған жердің асылы» новелдің, «Жаңғырық», «Комбе» романдарының авторы. Орыс тілінде «Взрыв» пьесасын жазып, Беляевтің «Человек-амфибия» романын қазақ тіліне аударды. Ол Баянауыл ауданы мен Семей қаласының Құрметті азаматы.
Медеу Сәрсекеевтің қандай кітабын оқыдыңыз?