«Үйде жатпа» күнтізбесі. 2 қаңтар: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 02 Қаңтар, 2023


☑️ 2 қаңтар – дүние жүзінде қиялшыл адамдар Ғылыми фантастика күнін атап өтеді. Бұл әдеби жанр Жюль Верн, Х.Г.Уэллс, Рэй Брэдбери, Исаак Азимов, Александр Беляев, Медеу Сәрсекеев және басқа да көрнекті жазушылардың арқасында пайда болды. Фантастика жазушыларының еңбегін олардың шығармаларында айтылған көптеген идеялардың ерте ме, кеш пе шындыққа айналдыратынымен байланыстыруға болады. Аталмыш жанрда тек кітаптар ғана емес, оның ішіне енген идеялар мен қызықты сюжет фильмге айналып, экранға шығуға мүмкіндік береді. 

Сізге фантастика ұнай ма?

 

☑️Бүгін Халықаралық бейресми мереке – интроверт күні аталып өтеді. 

Танымал интроверттердің арасында Альберт Эйнштейн, Исаак Ньютон, Джонни Депп және Киану Ривз бар. Психология негіздеріне сәйкес, экстраверт – ашық-жарқын адам болса, ал интроверт – тұйық мінезді адам болып келеді.

Интроверттердің қоғам үшін құндылығы жоғары. Себебі олардың да өзіндік дүниетанымдық ерекшеліктері бар. Яғни, экстраверттермен бірге белгілі бір тепе-теңдік құра отырып, адам қоғамын үйлесімді ететінін көрсетеді. Мұнда ескеретін жайт, экстроверт пен интроверттің де болмысы бөлек болғанымен, қоғам үшін бірегей болып келеді. Сондықтан сіздің қандай психологиялық тұлғаға жататыныңыз маңызды емес.

Егер оқырмандарымыздың арасында интроверттер болса, мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!

☑️ Бүгін – тұтқындар күні аталып өтеді. Бұл күн – әртүрлі себеппен түрмеде қамауда болған барлық адамға арналады. Халық арасында “түрмеден және шындықтан қашып құтыла алмайсың” деген нақыл сөз бар. Халықаралық түрмелерді зерттеу орталығының мәліметі бойынша, түрмеде отырған адамдардың саны бойынша АҚШ, Қытай және Ресей жетекші орында тұр. 2022 жылдың қазан айында Қазақстан түрмесіндк 34 мың тұтқын болған.

☑️2 қаңтар өмірге келген қазақстандық тұлғалар. 83 жыл бұрын композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері және халық әртісі – Мансұр Сағатов (1939-2002) дүниеге келді. Ол «Мерген» симфониялық күйінің, «Мемориал» симфониялық сюитасының, «Диалогтар» поэмасының, «Ақын толғауы», «Достық елі» кантатының, «Әлия» балетінің, «Туған ел», «Алматым менің», «Бақыт құс», «Той кеші», «Мені ізде» атты танымал әндер мен романстарының авторы. Белгілі өнер қайраткерінің ұлы әрі мұрагері әйгілі әнші – Айдос Сағатов. 

Сонымен қатар бүгін фантаст-жазушы, драматург, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі – Медеу Сәрсекеев 87 жасқа толды. Ол «Ғажап сәуле» фантастикалық повесінің, «Жетінші толқынның», «От және атом», «Айшықты мезет» повестерінің, «Туған жердің асылы» новеллаларының, «Жаңғырық», «Комбе» романдарының авторы. Орыс тілінде «жарылыс» пьесасын жазып, Беляевтің «адам-амфибия»романын қазақ тіліне аударды. Баянауыл ауданы мен Семей қаласының Құрметті азаматы.

 

Медеу Сәрсекеевтің қандай кітабын оқыдыңыз?