«Үйде жатпа» күнтізбесі. 2 қараша: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 03 ноября, 2023


✍️1992 жылы 3 қараша Түркияның Ыстамбұл қаласынла түркі әлемі жазушыларының құрылтайы өтті. Ал 1993 жылы түркі мәдениетін және өнерін дамыту мақсатында ТҮРКСОЙ ұйымы құрылып, оған Алматыда қол қойылды. Оның тұрақты қатысушылары  — Қазақстан, Түркия, Өзбекстан, Түрікменстан, Қырғызстан және Әзірбайжан. Татарстан, Башқұртстан, Гагаузия, Хакасия және Солтүстік Кипр бақылаушы мәртебесіне ие.

 

Сіз осындай бастамаларды қолдайсыз ба?

🤫3 қараша — Құпияны сақтау күні. Құпиялар әскери, коммерциялық, махаббат, отбасылық, медициналық, мемлекеттік және әйелдерге қатысты болуы мүмкін. Жалпы құпияның 99 түрі бар. Өкінішке қарай, қазіргі таңда сыр сақтайтындар өте аз. Алайда жаныңызда құпия сақтауды білетін жандарды білсеңіз, оларды бағалаңыз. Себебі мұндай адамдар даналыққа ұмтылып, парасаттылықты жоғары қояды. Ал дәл осындай жандар достыққа адал болатыны рас. Сіз де қызыл тілдің жетегіне ермей басқалардың құпиясын сақтай біліңіз.  Жолдас, жолдасқа қиянат еткен оңбас. 

 

Сіз құпия сақтай аласыз ба?

👀3 қараша хлықаралық калькулятор күні де аталып өтеді. Ежелгі уақытта адамдар есептеулерді жеңілдету үшін санау тақталарын пайдаланды. Ал 1620 жылдардан бастап логарифмдік сызғыш жүйесі қолданысқа енді. 1873 жылы американдық Фрэнк Стивен Болдуин төрт негізгі математикалық жүйені орындау үшін механикалық машина жасады. Оның прототипі Леонардо да Винчидің арифмометрінің сызбалары болды. 1970 жылы жапондықтар қалта калькуляторларын ойлап тапты. Бүгінде олар барлық гаджетке еніп, адамдарға күрделі сандарды тез көбейтіп, қосуға көмектеседі.

Сіз шоттарда санауды білесіз бе?

👥3 қараша өмірге келген танымал тұлғалар. 188 жыл бұрын тұңғыш қазақ ғалымы, ағартушы, тарихшы, этнограф, саяхатшы және дипломат Шоқан Уәлиханов (1835-1865) дүниеге келді. Ол әлемдік ғылымның көрнекті тұлғаларының арасында лайықты орын алады. Сондай-ақ оның зерттеулері Англия, Франция және Ресейдің географиялық қоғамдарының еңбектерінде жарияланды. Уәлиханов қазақтың алғашқы суретшісі болды. Қоғам қайраткерінің академиялық стильде жасалған көптеген суреті сақталған. Шоқан Уәлизановтың құрметіне орай Қазақстан Ғылым академиясы “Ғылым, өнер және сәулет” саласындағы үздік жетістіктері үшін берілетін арнайы сыйлық тағайындады. Сондай — ақ 123 жыл бұрын Adidas компаниясының негізін қалаушы неміс кәсіпкері Ади Дасслер (1900-1978) дүниеге келді. Ади коммерциялық табысты әрдайым екінші орынға қоятын. Себебі оның спортқа деген махаббаты шексіз болды. Спортшы табиғатынан белсенділікке ұмтылды.  Мәселен, ол 75 жасында теннис ойнап, бассейнде жүзді. Өмірден өткенше фирма ісімен өзі айналысты. Ади Дасслер — Puma фирмасының негізін қалаушы Рудольф Дасслердің ағасы. 

 

Сіздің қалаңызда Шоқан Уәлихановтың есімімен аталған қандай орындар бар?