👏2 қарашада БҰҰ бастамасымен журналистерге қарсы қылмыстар үшін жазасыздықпен күрес күні аталып өтеді. Ресми мәліметтерге сүйенсек, соңғы жылдаары әлемде мыңнан астам журналист қаза тапқан. Бірақ кінәлілердің тек 10%-ы жазасын алған. Ал қалған 90%-ы еркіндікте жүр. Бұл күн кәсіби міндетін атқарып, қайтыс болған журналистерге арналған. Әлемдегі қазіргі жағдайларды ескере отырып, аталмыш күннің маңыздылығы жоғары екенін атап өту керек.
🗣Қарашаның бірінші сенбісінде көптеген елде Дүниежүзілік ерлер күні бейресми түрде аталып өтеді. КСРО-ның бұрынғы президенті Михаил Горбачев бұл күнді 2000 жылы атап өтуді ұсынды. Оның бастамасын БҰҰ мен басқа да халықаралық ұйымдар қолдады. Аталмыш күні ерлер қауымына назар ерекше аударылады. Әсіресе, олар әйелдер тарапынан ыстық ықыласты күтеді. Себебі сүйікті адамының қолдауы ерлерді шабыттандырып, үлкен бақытқа бөлейді.
Барлық ер адамды осы мерекемен құттықтаймыз!
👁2 қараша көздің бұлдырау күні аталып өтеді. Көздің ақ қабығының бұлдырауы көптеген аурудың белгісі болуы мүмкін. Мұның ең жеңіл жағдайы телефонға ұзақ қарап, ұйқы қанбағаннан туындайды. Ал асқынған түріне көз ішіндегі қысымның салдары жатады. Кейде адам көзінің бұлдырау синдромы темекі шегу немесе шамадан тыс тамақтану сияқты жаман әдеттерге байланысты өршиді. Бұл аурудың нақты себептерін тек офтальмолог (көз дәрігері) анықтай алады.
Деніңіз сау болсын және кез келген аурудың алдын алыңыз!
👥2 қараша — танымал екі тұлғаның туған күні. 183 жыл бұрын қазақ балалары үшін оқу жүйесін құрған көрнекті ағартушы Ыбырай Антынсарин (1841-1889) дүниеге келді. Ол екі сыныптан тұратын төрт орталық училищені, қолөнер училищесін, Қазақстандағы алғашқы әйелдер училищесін және бес болыстық мектепті ашты. Қазақ әдебиетіндегі ертегі жанрының негізін қалаушы әдеби тіліміздің қалыптасуына ықпал етті. Оның есімі қазақ халқының ұлттық мақтанышын құрайтын бірқатар тарихи қайраткерлердің ішінде үлкен құрметке ие. Сондай-ақ біздің дәуірімізге дейінгі 69 жылы Птолемей әулетінен шыққан Египеттің соңғы патшайымы Клеопатра дүниеге келді. Ол Египетті күйеулерімен бірге 22 жыл басқарды. Клеопатра римдіктер жаулап алғанға дейін елдің тәуелсіз патшайымы болды. Ол әлемдік тарихта аңызға айналған тұлға ретінде өз биігін қалыптастарды. Патшайым қарапайым болмысына қарамастан, көптеген мүсіншілерді, суретшілер мен режиссерлерді шабыттандырды.
Алтынсариннің қандай шығармасын оқыдыңыз?