🩺Қазан айының бірінші дүйсенбісінде Халықаралық дәрігерлер күні аталып өтеді. Ежелден келе жатқан кәсіп әрқашан жоғары құрметке бөленіп келеді. Қазіргі таңда ақ халатты абзал жандар жұмыс барысында өткен ғасырдағы мамандардың үлкен білімі мен орасан зор тәжірибесіне сүйенеді. Соның арқасында адамдар қаншама аурудан айықты. Сол себепті дәрігерлердің өте күрделі әрі салмақты жұмыс атқарып жүргенін әрдайым есте ұстаған жөн. Өйткені олар әлемдегі ең құнды нәрсе — адам өміріне жауапты.
Егер таныстарыңыздың арасында дәрігерлер болса, оларды мерекесімен құттықтауды ұмытпаңыз!
💣1991 жылы 2 қазанда қазақтың тұңғыш ғарышкері, халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты. Мұнда ол «Союз ТМ-13» ғарыш кемесінің ғарышкер-зерттеушісі ретінде ұшып, «Мир» орбиталық кешенінің бортында бір апта жұмыс істеді. 10 қазан ғарышкер Жерге оралды. Оның Қазақстан үшін тарихи оқиға болған ғарышта болу ұзақтығы 7 күн 22 сағат 13 минутты құрады.
Қазақ ғарышкерлерінің тағы қайсысын білесіз?
🌚Бүгін БҰҰ бастамасымен Халықаралық зорлық-зомбылыққа қарсы күні аталып өтеді. Бұл күн зорлық-зомбылыққа қарсы философиясының негізін қалаған әрі Үндістанның тәуелсіздік қозғалысының жетекшісі Махатма Гандидің (1869-1948) туған күнінің құрметіне таңдалған. Ганди зорлық-зомбылық шараларын қолдана отырып, бейбіт қоғам құру ақымақтық екенін айтты. Тіпті оның мүдделеріне қысым жасаудың ауыр әрі үмітсіз жағдайлары оны өз ұстанымдарын өзгертуге мәжбүрлеген жоқ.
Сіз осындай бастамаларды қолдайсыз ба?
👥2 қазан танымал екі тұлғаның туған күні. 100 жыл бұрын қазақ жазушысы, редактор, оннан астам әңгімелер мен повестердің авторы Кемел Тоқаев (1923-1986) дүниеге келді. 1962 жылы Кемел қазақ тілінде «Ерекше тапсырма» атты өмірбаяндық әңгіме жазды. Мұнда 1943 жылы қарашада Киев үшін болған шайқас баяндалды. Бұл повесті орыс тіліне Бауыржан Момышұлы аударды. Жазушы Қазақстан президенті — Қасым-Жомарт Тоқаевтың әкесі. Сонымен қатар бүгін британдық әнші – композитор, актер, қоғам қайраткері және меценат Стинг 72 жасқа толды. Ол 17 мәрте Грэмми сыйлығын иеленді. Қала берді «Алтын глобус» және «Эмми» сыйлығының иегері атанды. Ал «Үздік ән» номинациясы бойынша төрт мәрте Оскар сыйлығын жеңіп алды. 2011 жылы ол Жаңаөзеннің ереуілге шыққан мұнайшыларымен ынтымақтасу мақсатында Астанада өнер көрсетуден бас тартты. Концерт Елорда күні қарсаңында өтуі тиіс еді. Оған 700 доллардан 5 мың билет сатылған.
Сізге Стингтің қай әні ұнайды?