«Үйде жатпа» күнтізбесі. 2 мамыр: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 02 Мамыр, 2023


👃 Мамырдың бірінші сейсенбісі – Дүниежүзілік демікпемен күрес күні аталып өтеді. Ғаламшарда экологиялық жағдай мәз емес. Әсіресе, өндіріс орындарындағы қалдықтар, автокөліктерден шығатын газдар ауаның ластануына тікелей себеп. Қазіргі қоғамның басты мәселесі –  «демікпе» ауруы екені белгілі. Бұл сөзді терминологияға Гиппократ енгізген. Аудармасы – «ауыр тыныс алу». Бүгінде дүниежүзінде 300 миллионнан астам адам аталмыш ауруға шалдыққан. Оның 100 мыңнан астамы Қазақстанда тұрады. Ең өкініштісі, жыл сайын науқастар саны артып келеді.

Салауатты өмір салтын ұстаныңыз, ауырмаңыз!

📚 Бүгін кітап сүйер қауым –  Халықаралық Гарри Поттер күнін атап өтеді. 2 мамыр Хогвартс мектебі үшін аты аңызға айналған әйгілі шайқас өтті. Сонымен қатар екінші сиқыршылар соғысы да аяқталды. Мұнда Гарри Поттер өзіне үлкен зиян келтірген адам – Лорд Волан де Мартаны жеңе алды. Гарри Поттер кітабы көпшілікті сүйіспеншілікке, батылдыққа, мейірімділікке, мінезді болуға, төзімділікке, табандылыққа және мұқтаж болып тұрған кез келген адамға көмектесуге шақырады. Қызықты статистикаға сүйенсек, оқырмандардың 61%-дан астамы Дж.К.Роулинг романы олардың дүниетанымына әсер еткенін айтады.

Ендеше Гарри Поттер кітаптары мен фильмдерінің барлық жанкүйерін  бүгінгі мерекемен шын жүректен құттықтаймыз!

🐟2 мамыр БҰҰ бастамасымен – Дүниежүзілік тунец күні аталып өтеді. Бұл күннің мақсаты – халықты балық ресурстарының сақталуына назар аударуға шақыру. Табиғатта тунецтің 40-қа жуық түрі бар. Ең кішкентай балық мөлшері шамамен – 50 см, салмағы – 1,8 кг. Ал ең үлкен балықтың ұзындығы 4,5 м болса, салмағы 600 кг-нан асады. Тунец қазіргі уақытта ең көп сұранысқа ие. Әлемде жыл сайын шамамен 7 миллион тонна тунец ауланады. Салмағы 278 кг болатын ең қымбат тунец 2019 жылы Жапониядағы аукционда 3,1 миллион долларға сатылды.

👥 2 мамыр дүгиеге келген танымал адамдарр. 111 жыл бұрын қазақтың тұңғыш опера әншісі, драмалық актриса – Күләш Байсейітова (1912-1957) дүниеге келді. 1933 жылы Қазақ опера және балет театрының труппасына қабылданып, өмірінің соңына дейін өнер көрсетті. 24 жасында КСРО халық әртісі атағын алып, талантымен шетел көрмендерінің арасында да танымал болды. Оны еске алуға арналған республикалық вокалистер байқауы жыл сайын өткізіледі. 

Сонымен қатар бүгін американдық актер, кәсіпкер, музыкант, әнші әрі  бұрынғы балуан – Дуэйн (Рок) Джонсон  51 жасқа толды. Ол актерлік мансабын бастамас бұрын WWE-де сегіз жыл ойын өткізіп, барлық уақыттағы ең ұлы балуандардың бірі болды . Өнер иесі «Мумия оралады», «Геркулес», «Форсаж» және т.б фильмдердегі рөлдерімен танымал.

Сіздің қалаңызда Күләш Байсейітованың есімімен қандай ғимараттар аталған? не аталады?