«Үйде жатпа» күнтізбесі. 2 маусым: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 02 Маусым, 2024


🍔2 маусым – дұрыс тамақтану және артық тағамнан бас тарту күні. Бұл күннің мақсаты – халыққа дұрыс тамақтану тәртібін түсіндіре отырып, қандай тағамдар мен әдеттер адам денсаулығына пайдалы болатыны туралы ақпарат беру. Қазақстанда ересек тұрғындар арасында артық салмақтың орташа көрсеткіші әйел адамдарда 29,7%, ал ер адамдар 33,9% құрайды. Яғни, әйелдердің 25,8%-ы, ерлердің 15,3%-ы семіздікке шалдыққан. Біздің елімізде ересек тұрғындардың жартысынан көбі артық салмақтан зардап шегеді.

 

Дұрыс тамақтаныңыз және белсенді өмір салтын ұстаныңыз!

⚡️Бүгін – Байқоңыр қаласының және ғарыш айлағының күні. 1955 жылы 2 маусымда ғарыш айлағының жобасы мен оның ұйымдық құрылымы бекітілді. 1957 жылы мұнда алғаш рет Жердің жасанды серігі ұшырылды, ал 1961 жылы ғарышқа адам ұшты. Осылайша адамзат тарихындағы ғарыштық дәуір Қызылорда облысынан басталды. Қазір Байқоңыр ғарыш айлағын келісім бойынша Ресей 2050 жылға дейінгі жылына 150 миллион долларға жалға алып отыр. 

 

🗣2021 жылдың 2 маусымында қазақстандық шахматшы Жансая Әбдімәлік әйелдер арасындағы Gibraltar FIDE Women’s Grand Prix турнирінде мерзіменен бұрын гран-при жеңіп алды. Ол аталмыш ойынның әр кезеңін жеңіспен аяқтап, мүмкін болатын 11 ұпайдың 8,5 ұпайын жинады. Нәтижесінде, ол гроссмейстер ерлерге қойылатын талапты орындаған алғашқы қазақстандық және Орталық Азия өкілі атанды.

 

Сіз қазақ шахматшыларының қайсысын білесіз?

 

👥2 маусым – атақты екі тұлғаның туған күні. 284 жыл бұрын француз ақсүйегі, саясаткер, жазушы және философ Маркиз де Сад (1740-1814) дүниеге келді. Ол имандылықпен, дінмен немесе заңмен шектелмейтін абсолютті бостандық идеясының уағызшысы болды. Ол өмірдің басты құндылығы жеке адамның талпыныстарын қанағаттандырумен жұмыс істеді. «Садизм» ұғымы да ғұламаның есімімен байланысты. 90 жыл бұрын қазақ ғалымы, заманымыздың ірі түркітанушы ғалымдарының бірі Алтай Аманжолов (1934-2012) дүниеге келді. Ол түркі филологиясы мен тіл біліміне қатысты 200-ден астам еңбектің авторы. Ғалым баяндау айқындылығымен және нақты дәлелдерімен ерекшеленеді. Сонымен қатар ол еңбектерінде көптеген көне жазба ескерткіштерін ашты.