«Үйде жатпа» күнтізбесі. 2 наурыз: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 02 Наурыз, 2024


👍 1992 жылы 2 наурызда Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 46-сессиясының пленарлық отырысында Қазақстан Республикасы БҰҰ мүшелігіне қабылданды. Ұйымға кіргеннен кейін Қазақстан автоматты түрде Азия және Тынық мұхиты үшін экономикалық және әлеуметтік комиссияның (ЭСКАТО) мүшелігіне өтті. Бүгінде Қазақстанда аталмыш ұйымның 15 өкілдігі жұмыс істейді. Оның ішінде БҰҰДБ, ЮНИСЕФ, ЮНИФОП, ЮНЕСКО және т.б.

🌝 2 наурыз – Дүниежүзілік жасөспірімдердің психикалық денсаулығы күні. Қазіргі таңда әлемде жасөспірімдерге ақпараттың үлкен ағынында жүру қиын. Сондықтан олар сыртқы әсерге және стереотиптерге сезімтал болып келеді. Сонымен қатар әлеуметтік сауалнамаға сәйкес, Z буын жасөспірімдерінің 64% -ына назар мен қамқорлық жетіспейді. Баланың психологиялық денсаулығы үй ішіндегі аураға тығыз байланысты. Себебі мұнда баланың болашаққа деген сенімі қалыптасады. Сондай-ақ өзінің құнды және маңызды екенін түсінуге мүмкіндік алады.


🔥 Бүгін – Халықаралық сіріңке күні.
Ең алғашқы сіріңкені 1805 жылы Францияда химик Чапсель ойлап тапты. Содан бері аталмыш шикізаттан жасалған таяқшалар ұзақ жылдар бойы адам өмірінде таптырмас дүниеге айналды. Заманауи технологиялардың дамуына қарамастан, сіріңке әлі күнге дейін үлкен маңыздылыққа ие. Бұл – уақыт пен энергияны үнемдейді.

👥 2 наурыз атақты екі актердің туған күні. 86 жыл бұрын актер әрі режиссер, Қазақстанның халық әртісі Райымбек Сейітмет (1938-2007) дүниеге келді. Ол кино және театрдағы рөлдерімен көпшілікке танымал болды. Өнер иесі Түркістан қаласындағы тұңғыш театрдың негізін қалаушы. Қазіргі таңда театр осы кісінің есімімен аталады. Сонымен бірге бүгін британдық актер және продюсер Дэниел Крейг 56 жасқа толды. Мансап жолында ол 50-ден астам фильмде ойнап, туындыларының көпшілігі блокбастерге айналды. Өнер иесі әлемге Джеймс Бонд, агент 007 рольдері арқылы танымал.

Сізге Дэниел Крейгтің қай фильмі ұнайды?