«Үйде жатпа» күнтізбесі. 2 наурыз: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 02 Наурыз, 2023


☑️ 31 жыл бұрын Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 46-сессиясының пленарлық отырысында Қазақстан Республикасы БҰҰ мүшелігіне қабылданды. Ұйымға кіргеннен кейін Қазақстан автоматты түрде Азия және Тынық мұхиты үшін экономикалық және әлеуметтік комиссияның (ЭСКАТО) мүшелігіне өтті. Бүгінде Қазақстанда аталмыш ұйымның 15 өкілдігі жұмыс істейді. Оның ішінде БҰҰДБ, ЮНИСЕФ, ЮНИФОП, ЮНЕСКО және т.б.

☑️ 2 наурыз – Жасөспірімдердің дүниежүзілік психикалық денсаулығы күні. Қазіргі таңда әлемде жасөспірімдерге ақпараттың үлкен ағынында жүру қиын. Сондықтан олар сыртқы әсерлер мен стереотиптерге өте сезімтал болып келеді. Сонымен қатар әлеуметтік сауалнамаға сәйкес, Z буын жасөспірімдерінің 64% -ына назар мен қамқорлық жетіспейді. Баланың психологиялық денсаулығы үй ішіндегі аураға тығыз байланысты. Себебі мұнда баланың болашаққа деген сенімі қалыптасады. Сондай-ақ өзінің құнды және маңызды екенін түсінуге мүмкіндік алады.

☑️ Бүгін – Халықаралық сіріңке күні аталып өтеді. Ең алғашқы сіріңкелерді 1805 жылы Францияда химик Чапсель ойлап тапты. Содан бері аталмыш шикізаттан жасалған  таяқшалар ұзақ жылдар бойы адам өмірінде таптырмас дүниеге айналды. Заманауи технологиялардың алға жылжығанына қарамастан, бүгінгі күнге дейін сіріңке сияқты қарапайым нәрсе біздің көмекшіміз болып келе жатыр. Бұл – уақыт пен энергияны үнемдеуде.

☑️ 2 наурыз екі атақты актердің туған күні. 85 жыл бұрын актер әрі режиссер, Қазақстанның халық әртісі – Райымбек Сейітмет (1938-2007) дүниеге келді. Ол кино және театрдағы рөлдерімен танымал. Актер – Түркістан қаласындағы тұңғыш театрдың негізін қалаушы. Қазіргі таңда театр осы кісінің есімімен аталады. 

Сонымен бірге бүгін британдық актер және продюсер – Дэниел Крейг 55 жылдық мерейтойын атап өтеді. Өзінің мансап жолында ол 50-ден астам фильмде ойнады. Олардың көпшілігі блокбастерлерге айналды. Өнер иесі көпшілігіне Джеймс Бонд, агент 007 ретінде танымал. 

 

Сізге Дэниел Крейгтің қай фильмі ұнайды?