«Үйде жатпа» күнтізбесі. 2 сәуір: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 01 Сәуір, 2023


💪Бүгін – Қазақстан әскери-теңіз күштерінің мерекесі. Каспий теңізінің қазақстандық секторын қорғау үшін 1993 жылы 2 сәуірде теңіз және жағалау артиллериясынан тұратын Қарулы Күштердің жеке бөлімі құрылды. Ақтау теңіз порты 3 мыңға жуық адамды құрайтын құрылымдардың негізгі базасы.

 

Әскери-теңіз күштерінде жұмыс істейтін достарыңыз болса, мерекесімен құттықтауды ұмытпаңыз.

📖 Бүгін – Халықаралық балалар кітабы күні. Аталмыш күн әлемге әйгілі ертегілердің авторы, 1805 жылы 2 сәуірде дүниеге келген – Ганс Кристиан Андерсенге арналған. Балалар өмірінде кітаптың алатын орны өте зор. Яғни, бүлдіршіндер әдебиетіндегі суреттер, қызықты әңгімелер, ұйықтар алдында ертегі оқыған сүйікті адамның дауысы өмір бойы олардың жадысында сақталады. Алайда соңғы жылдары кітаптың орнын смартфондар басып, балалар руханиятының қалыптасуына, интеллектуалдық дамуына кері әсерін тигізуде. 

 

Балаларға қазақ жазушыларының қай кітабын оқуға кеңес берер едіңіз?

📣 Сонымен қатар 2 сәуір – Дүниежүзілік аутизм түсінігімен ақпараттандыру күні. Аутизммен ауыратын адамдарға әлеуметтік қарым-қатынасты табу қиынға соғады. Сондықтан өзге жандармен байланыс орнату олар үшін күрделі процесстердің бірі. Көп жағдайда олардың мінез-құлықтары стандартты емес, қызығушылықтары мен белсенділіктері төмен болып келеді. Ауру нәсіліне және тұрғылықты жеріне қарамастан пайда болады. Бірақ аталмыш аурумен өмірге келген балалардың ата-анасында бір уайым. Аутист адамдар толыққанды әлемнің бір бөлігі болуы қажет. Олар мұны тек мамандардың және барлық қамқор адамдардың көмегімен жасай алады. Қазақстанда аутизммен ауыратын 9 мыңға жуық бала тұрады.

👥 2 сәуір қазақтың екі атақты тұлғасы дүниеге келді. Бүгін музыкатанушы, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері – Юрий Аравин 82 жасқа толды. Ол қазақ музыкасының тарихы туралы 100-ден астам басылымдар мен телешоулардың авторы. Оның «Абайды еске алуға арналған лирикалық поэма», «Халық қаһармандары туралы үш поэма», «Мұқан Төлебаевтың «Қазақстан» поэмасы және басқа да көптеген шығармалары қазақ музыкатану ғылымына үлкен үлес қосты. 

Сонымен қатар бүгін кинорежиссер, сценарист, продюсер – Сламбек Тәуекел де 74 жасқа толды. Оның «Батыр-Баян», «Махамбет», «Ата-Журт», «Жерұйық» фильмдерін көпшілік біледі. Сондай-ақ деректі және анимациялық фильмдерге ле режиссерлік етті. Бірнеше рет Қазақстан Кинематографистер одағының басқарма мүшесі және хатшысы болып сайланды.

Ақсақалдарымызға ұзақ ғұмыр мен шығармашылық табыс тілейміз!