«Үйде жатпа» күнтізбесі. 2 шілде: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 02 Шілде, 2023


🎤Шілденің бірінші жексенбісі Домбыра күні аталып өтеді. Домбыра – қазақ мәдениетінің нышаны. Ол тек музыкамен ғана байланысты емес. Сонымен қатар ақпаратты қабылдау мен жеткізудің, жақсы жаңалықты жариялаудың қайнар көзі болып келеді. Оның көмегімен қазақтар жанұясының, туған ауылының жетістіктері туралы айтты. Бұл мереке қазақ қоғамын мәдени мұра құндылықтары мен жасампаз идеялары төңірегінде топтастыру мақсатында құрылған.

 

Сізге қай атақты күйші ұнайды? 

 

🧪Бүгін Қазақстанда тағы екі мереке аталып өтеді. 2 шілде – Қазақстанның радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс әскерлері күні. Қорғаныс министрлігі коронавируспен күрес тәжірибесі әскерлердің осы түріне сұраныстың жоғары екенін көрсетті. «Қос мақсаттағы» мамандар миллиондаған адамның өмірі мен денсаулығын қорғау үшін көтерілді. Сонымен қатар бүгін – Дипломатиялық қызмет күні. Бұл мереке 2009 жылы Президент жарлығымен бекітілген. Қазақстанның дипломатиялық қызметінің біртұтас жүйесін Сыртқы істер министрлігі, оның ведомстволары, шетел мекемелері, сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйымдар құрады.

 

Егер осы мамандықта қызмет ететін таныстарыңыз болса, оларды мерекесімен құттықтауды ұмытпаңыз!

🦮2 шілде – Дүниежүзілік иттер күні. Иттер шамамен 30 000 жыл бойы адамның ең жақсы досы болды. Тіпті ол көпшілігінің жақсы көретін отбасы мүшесіне де айналған. Олардың адалдығы үшін өлеңдер жазылып, әндер шырқалды, әсерлі фильмдер түсірілді. Мысалы, «Хачико» фильмін атап айтуға болады. Мамандар иттердің сөзбен немесе ыммен білдірілген 250-ге жуық белгіні есте сақтай алатынын атап өтті. Олардың интеллектуалдық дамуы екі жасар баланың деңгейінде.

 

Сізге қай жануар ұнайды: ит немесе мысық? 

🫂Бүгін танымал екі шығармашылық тұлғаның туған күні. Бүгін Қазақстан мен Қырғызстанның халық ақыны Мұхтар Шаханов 81 жасқа толды. Ол 2001 жылы Түркияда түркітілдес елдерден «Әлемнің үздік ақыны» деп танылды. Сондай-ақ 2002 жылы «жазалаушы жадының космоформуласы» поэтикалық романы үшін (Шыңғыс хан алып кеткен құпия) – Калифорния Халықаралық Ғылым, индустрия, білім және өнер академиясының А.Эйнштейн атындағы Алтын медалімен марапатталды. 1990 жылы 2 шілдеде австралиялық актриса әрі кинопродюсер Марго Робби дүниеге келді. Өнер иесі «Оскар»сыйлығына екі мәрте үміткер болды. Ол «Отряд самоубийц”, “Волк с Уолл-Стрит”, Однажды в Голливуде” және т.б. фильмдердегі бірқатар көрнекті рөлімен танымал. 2020 жылы ол әлемдегі ең әдемі әйел атанды.