«Үйде жатпа» күнтізбесі. 2 шілде: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 02 Шілде, 2024


💼Бүгін Қазақстанда екі кәсіби мереке аталып өтеді. 2 шілде – Қазақстанның радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс әскерлері күні. Қорғаныс министрлігі коронавируспен күрес тәжірибесі әскерлердің осы түріне сұраныстың жоғары екенін көрсетті. “Қос мақсаттағы” мамандар миллиондаған адамның өмірі мен денсаулығын қорғау үшін көтерілді. Сонымен қатар бүгін – Дипломатиялық қызмет күні. Бұл мереке 2009 жылы Президент жарлығымен бекітілген. Қазақстанның дипломатиялық қызметінің біртұтас жүйесін Сыртқы істер министрлігі, оның ведомстволары, шетел мекемелері, сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйымдар құрады.

 

Егер осы мамандықта қызмет ететін таныстарыңыз болса, оларды мерекесімен құттықтауды ұмытпаңыз!

🦮2 шілде – Дүниежүзілік иттер күні. Иттер шамамен 30 000 жылдан бері адамның ең жақын досы болып келеді. Тіпті ол көпшілігінің сүйікті отбасы мүшесіне де айналған. Олардың иелеріне танытқан адалдығы үшін өлеңдер жазылып, әндер шырқалды. Сонымен қатар әсерлі фильмдер де түсірілді. Мысалы, соның ішінде “Хатико” фильмін ерекше атап өтуге болады. Мамандар иттердің сөзбен немесе ыммен білдірілген 250-ге жуық белгіні есте сақтай алатынын алға тартады. Олардың интеллектуалдық дамуы екі жасар баланың деңгейінде.

 

Сізге қай жануар ұнайды: ит немесе мысық? 

💪Сонымен қатар бүгін – Дүниежүзілік БҰН күні. 1947 жылы 2 шілдеде Американың Розуэлл қаласының маңындағы шөл далаға беймәлім нысан құлайды. Көпшілік оны өзге ғаламшарлықтар төбе көрсеткен “ұшатын тәрелке” екенін алға тартқан еді. Америкалық барлау қызметтері бұл іс бойынша барлық деректерді жіктегендіктен, бүгінгі күні бұл болжамды растау немесе оған қарсы шығу өте қиын. Бірақ бұл оқиға кеңінен танымал болып, дәл осы уфология ғылымының дамуына серпін болды. Ал бүкіл қоғам екі фронтқа бөлінді: біреулер жат планеталықтардың бар екеніне сенсе, басқалары мұндай деректі үзілді-кесілді жоққа шығарады.

Сіз өзге ғаламшарлықтардың бар екеніне сенесіз бе?

👥2 шілде – танымал екі шығармашыл тұлғаның туған күні. Бүгін Қазақстан мен Қырғызстанның халық ақыны Мұхтар Шаханов 82 жасқа толды. Ол 2001 жылы Түркияда түркітілдес елдерден “Әлемнің үздік ақыны” деп танылды. Сондай-ақ 2002 жылы «жазалаушы жадының космоформуласы» поэтикалық романы үшін (Шыңғыс хан алып кеткен құпия) – Калифорния Халықаралық Ғылым, индустрия, білім және өнер академиясының А.Эйнштейн атындағы Алтын медалімен марапатталды. Сонымен қатар бүгін австралиялық актриса әрі кинопродюсер Марго Робби 34 жасын атап өтеді. Өнер иесі «Оскар»сыйлығына екі мәрте үміткер болды. Ол «Отряд самоубийц”, “Волк с Уолл-Стрит”, “Однажды в Голливуде” және т.б. фильмдердегі бірқатар көрнекті рөлімен танымал. 2020 жылы ол әлемдегі ең сұлу әйел атанды.